«Абайды оқы, таңырқа!» атты әдеби кеш өтті

13.11.2012

Көрулер: 1645

Кеште студенттер ұлы ақын Абайдың шығармашылығын жан-жақты қамтып, өздерінің Абай мұрасын жақсы меңгергендіктерін көрсетті. Абайдың өмірі туралы бейнебаян көрсетіліп, әндері шырқалды. Студенттер Абайдың әртүрлі лирикасына тоқталып, өлеңдерін, қара сөздерін жатқа оқыды, қара сөздері бойынша өздері түсірген бейнебаянды және шағын көрініс көрсетті. Осылайша ұлы Абайдың мол мұрасына тағы бір тәнті болып, жастар рухани ләззат алды.