Барбара Вайтгрубер

28.04.2009

Көрулер: 1285

- Университет басшыларымен әңгімелесіп, сіздердің университеттеріңіз жайлы көбірек мағлұмат алдым. Сонымен бірге университеттердің көрмесін тамашалауға мүмкіндігім болды. Көрме қатты ұнады. Әсіресе ғылыми-зерттеу институтының жұмыстары тамсандырды. Мемлекеттегі университеттің алатын орны, оқытушылар мен студенттердің мобильділігі саласындағы уиверситет жасап жатқан халықаралық әріптестіктің ауқымдылығы қатты таңғалдырды. Университет тек ұлттық нақышта ғана емес, сонымен қатар аймақтық дәрежеде де білім сапасын жетілдіріп, ғылыми зерттеулерді дамытуда да көшбасшы болып табылады. Осы конференцияда көрсеткен белсенділікті жоғалтпай, табысты еңбек етулеріңізге шын жүректен тілектеспін. Биік шыңдардан көріне беріңіздер.

2009 ж. 5 ақпан