Университеттік әрекет «ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЫҢ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫН ЕҢ ҮЗДІК КІТАПХАНА ЖАСАЙЫҚ!»

15.11.2012

Көрулер: 4039

Құрметті әріптестер, қымбатты достар және барлық ықылас білдірушілер!

2012 жылдың 12 қарашасынан 12 желтоқсан аралығында «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасын ең үздік кітапхана жасайық» атты университеттік әрекет бастамақ.

Біз мұғалімдерді, университет қызметкерлерін осы әрекетке үлес қосуға шақырамыз! Егер Сізде өзіңіз оқып болған кітабыңыз болса, Ғылыми кітапхана оны қуана қабыл алады. Сіздің кітабыңыз міндетті түрде өз оқырманын табады.

Кітап сыйлаушылардан университетте оқытылатын барлық сала бойынша оқулықтар, анықтамалар және көркем әдебиеттерді қабылдаймыз.

Ыңғайына қарай – кітаптар жақсы күйде болғанын өтінеміз!

Бұл әрекетке барлық ықылас білдірушілерді шақыра отырып, Ғылыми кітапханаға өз үйіңіздегі сөрелерде жатқан кітаптарды әкеліп, осы шараға қатысуға шақырамыз! Сіздердің сыйлаған кітаптарыңыз ғылыми-іздестіру және оқу үрдісінде студенттерге баға жетпес құрал болады.

Ғылыми кітапханаға кітап сыйлай отыра:

  • Сіз үйіңіздегі орынды тазалайсыз;
  • кітапхана қорын толықтырасыз;
  • оқу үрдісіне көмектесесіз;
  • өз рейтингіңізді көтересіз;
  • факультет рейтингісін көтересіз.

Сіз қатысады деп үміттенеміз! Кітаптарды мына мекен жай бойынша әкелуге болады:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Ғылыми кітапхана

Әл-Фараби даңғылы 71. Ғылыми кітапхананың жаңа корпусы, 1 қабат, кіру абонементтер жағынан, кітаптарды жинақтау, библиографиялық өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі. Хабарласу тел.: 292 57 17 (2192), 393 60 48.

Әрекеттің соңында қорытынды шығарылып, белсенді қатысушыларға төмендегідей:

  • Өте белсенді факультет;
  • Өте белсенді кафедра;
  • Өте белсенді қызметкер;
  • Өте белсенді серіктес

атағы беріліп, бағалы сыйлықтар тарту етіледі.

Төмендегі құжатты толтыруын сұраймыз:

Кітапты қабылдау бланкі.doc