"1-курс ТАЛАНТТАРЫ" көркемөнерпаздар байқауы өз мәресіне жетті

07.11.2012

Көрулер: 3801

Таланттардың жұлдызы жанған күн

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «1-курс таланттары» көркмөнерпаздар байқауының қорытындысы шығарылып, марапаттау рәсімі мен гала концерті өтті. Гала-концерт Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының үлкен сахнасында өтті. Кешке университет университет басшылығы, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Бұл байқаудың мақсаты жалынды жастардың жас дәуренін текке өткіздірмеу, жаман әдеттерден аулақ ету, бос уақыттарын әсерлі ән, көк нөсер күй, күмбірлеген домбыра, мың бұралған би әлемімен қауыштыру.

Биылғы жылы «1-курс таланттары» көркемөнерпаздар байқауының бірінші кезеңіне 1000-нан аса бірінші курс студенттерінің қатысуымен факультеттер деңгейінде өткізіліп, екінші кезеңге 300-ге жуық студент жолдама алды.

Кеш «жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» деп танылған жеңімпаздарды марапаттаумен басталды. Университет ректоры студенттерді өнердегі жетістіктерімен құттықтап, алдағы уақытта да сәттілік тіледі. Сонымен қатар жеңімпаз студенттерді «Эстрадалық ән», «Халықтық би», «Заманауи би» «Классикалық би», «Музыкалық аспаптарда ойнау шеберлігі», «Театр өнері», «Жас ақын» номинациялары бойынша әлеуметтік даму жөніндегі проректор Ш.Е.Жаманбалаева, оқу жұмысы жөніндегі У.С. Әбдібеков марапаттады.

Марапаттау рәсімінен кейін жүлдегер студенттердің қатысуымен концерт қойылды. Халықаралық қатынастар факультетінің студенті Бақытбекқызы Әлия Лара Фабиянның француз тіліндегі «Je taem» әнін нақышына келтіріп орындаса, «Фараби сазы» ұлт-аспаптар оркестрінің бірінші курстардан құралған жаңа құрамы Дәулеткерейдің «Көроғлы» күйін орындап көпшілік көңілінен шықты.

«1-курс таланттары» байқауы көптің көңілінде қалар ерекшіліктерге толы болды. Әсіресе әр түрлі халық билерін билеп, бірден көзге түскен дарынды бишілер аз болмады. Биология және биотехнология факультетінің студенті Үмбеталиева Ләззат балет жанрындағы «Испан биі», Философия және саясаттану факультетінің «Танго» биі, Экономика және бизнес мектебінің «Mils Team» би тобының спорттық-балдық билерін ерекше айтуға болады.

Фестиваль аясында аспапта ойнау шеберлігімен көзге түскен студенттеріміздің саны 100-ден асты. Соның ішінде өздерінің қызға тән қылығымен, аспапта ойнау шеберлігімен география және табиғатты пайдалану факультетінің студенті Тойлыбаева Жазира А.Исаковтың шығармасы «Қазақ әуендерін» орындады. Ал, «Бақыт» би-ансамбліның жаңа құрамы «Сирия» биін тарту етті. Сондай-ақ, өзінің зор дауысымен «академиялық ән» номинациясының жеңімпазы Химия және химиялық технология факультетінің студенті Кенжебеков Ахметханның орындауындағы «Подмосковные вечера» әніне және Нұрхан Өмірхан мен Байшина Фаризаның орындауындағы халық әні «Илигайға» көрермендердің қошеметі зор болды. Кеш барлық жиналған қауымға қуанышты көңіл-күй сыйлап, таланттардың талабына ризашылық танытты.

«1-курс ТАЛАНТТАРЫ-2012» көркемөнерпаздар фестивалінің ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ (эстрада)

І-орын: Бақытбекқызы Әлия – Халықаралық қатынастар факультеті

ІІ-орын: Байшина Фариза – Экономика және бизнес жоғары мектебі

ІІ-орын: Өмірхан Нұрхан – Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

ІІІ-орын: Кенжебек Ахметхан – Химия және химиялық технология факультеті

ІІІ-орын: Оразбаева Лаура – Шығыстану факультеті

ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ (дәстүрлі)

ІІІ-орын: Еркембек Бибігүл - Тарих, археология және этнология факультеті

БИШІЛЕР БАЙҚАУЫ

(Халықтық би)

І-орын: «Chem way» тобы - Химия және химиялық технология факультеті

ІІ-орын: «Мерей» тобы – Механика және математика факультеті

ІІІ-орын: Асқар Әсем - Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

ІІІ-орын: Скольбекина Зарина - Экономика және бизнес жоғары мектебі

(Заманауи би)

І-орын: «Same one» тобы – Физика-техникалық факультеті

ІІ-орын: «Chem Crew» тобы – Химия және химиялық технология факультеті

ІІІ-орын: «G-Styl» тобы – Философия және саясаттану факультеті

ІІІ-орын: Жармағанбетова Жәния – Биология және биотехнология факультеті

(Классикалық би)

І-орын: Умбеталиева Ляззат - Биология және биотехнология факультеті

ІІ-орын: «Mils Team» тобы – Экономика және бизнес жоғары мектебі

ІІІ-орын: Сахова Жансая «Кокетка» биі - Философия және саясаттану факультеті

«ЖАС АҚЫНДАР» БАЙҚАУЫ

І-орын: Досжан Нұрболат – Журналистика факультеті

ІІ-орын: Жумашев Абылайхан - Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

ІІ-орын: Темирова Зейнеш – География және табиғатты пайдалану факультеті

ІІІ-орын: Башар Тұрсынбек - Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

ІІІ-орын: Серікбаева Айзат - Журналистика факультеті

МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРДА ОЙНАУ ШЕБЕРЛІГІ НОМИНАЦИЯСЫ

(Домбыра)

І-орын: Шерияздан Нұртас - Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

ІІ-орын: Адильчин Қуаныш – Заң факультеті

ІІІ-орын: Әбдірахман Азат - География және табиғатты пайдалану факультеті

ІІІ-орын: Төребеков Ерлан - Физика-техникалық факультеті

(Қобыз)

І-орын: Әзіржанова Элеанора – Журналистика факультеті

(Фортепиано)

І-орын: Тойлыбаева Жазира - География және табиғатты пайдалану факультеті

ІІ-орын: Жунусова Салтанат - Экономика және бизнес жоғары мектебі

ІІІ-орын: Рахым Ақмарал - Химия және химиялық технология факультеті

ІІІ-орын: Нұрғалиева Айкөркем - Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

«ТЕАТР ӨНЕРІ» БАЙҚАУЫ

І-орын: Есенгелдиев Сәкен - Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

ІІ-орын: «Соқыр ана» көрінісі, ана ролі Зұлхарнай Динара - География және табиғатты пайдалану факультеті

ІІІ-орын: Ермекова Салтанат - Журналистика факультеті

ЖҮРГІЗУШІЛЕР БАЙҚАУЫ - жігіттер

І-орын:Әсімхан Бекжан - Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

ІІ-орын:Мырзабек Айдар - Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

ІІ-орын: Сапарғалиев Еркебұлан - Философия және саясаттану факультеті

ІІІ-орын: Сансызбаев Арман – Тарих, археология және этнология факультеті

ЖҮРГІЗУШІЛЕР БАЙҚАУЫ – қыздар

І-орын: Күнғазықызы Ақерке - Халықаралық қатынастар факультеті

ІІ-орын: Баубекқызы Жанерке - Экономика және бизнес жоғары мектебі

ІІІ-орын: Садық Жанар - Тарих, археология және этнология факультеті

ІІІ-орын: Мамыткәрімова Балжан - Физика-техникалық факультеті