Wiley-Blackwell on-line ең iрi әлемдік баспасы дерек қорының презентациясы өтті.

19.10.2012

Көрулер: 1611

2012 жылдың 25 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасы, Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі депертаментімен бірлесе отырып Wiley-Blackwell on-lineнiң ең iрi әлемдік баспасының презентациясын өткізді.

Презентация қонақтары: Орталық және Шығыс Еуропаның кiтап баспаларының аймақтық менеджерлерi Жасек Левинсон және Давид Олсон Wiley on-lineнiң деректер қорының, сонымен бірге Европаның Brill, De Gruterлер кітап баспаларының басқа да материалдары мен электронды ресурстарын көрсетті.

Wiley on-lineнiң баспасының презентациясы - университет қызметкерлерінің, оқытушы-профессор құрамы, PhD докторанттар мен магистранттардың ғылыми зерттеулерінде қолдау үшiн ұсынылды.

Презентацияға қатысушылар Wiley on-lineнiң баспасының электрондық қорларын қолдануда өздеріне қажеттi мәлiметтерді iздестiрудiң теориялық-практикалық дағдыларын үйреніп, өздері қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.