Қытайтану кафедрасы шығыстанушы ғалым Әлімғазы Дәулетханұлымен кездесу ұйымдастырды

11.10.2012

Көрулер: 3557

11 қазан күні қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен шығыстану факультетінде шығыстанушы ғалым, тарихшы Әлімғазы Дәулетханұлымен кездесу-семинар өтті. Кездесу барысында ғалым «Шығыс Түркістан халықтары ұлт-азаттық дәуірі әдебиеті (1679-1949 жж.)» тақырыбында әңгіме қозғады. ҚР Ғылым академиясының Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих этнология институтының «Ежелгі және орта ғасыр» бөлімінде аға ғылыми қызметкер ретінде қызмет жасап келе жатқан ғалым студенттерді және оқытушыларды өз өмірбаянымен таныстырып, өзінің ғылыми зерттеу жұмыстарымен таныстырды. Студенттер ғалымға сұрақ қойып, шығыстану жайлы көкейлерінде жүрген көп сұрақтарға жауап ала алды.