"Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет

11.10.2012

Көрулер: 1659

Саясаттанушылар тілді дамытудың жолдарын ұсынды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия және саясаттану факультетінің саясаттану кафедрасы «Тіл аптасына» орай «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясаты: перспективалары мен проблемалары» атты іс-шара ұйымдастырып, оның аясында мемлекеттік тіл мәселесі талқыланды.

Іс-шараға бірқатар белгілі саясаттану­шылар, атап айтар болсақ: «Ұлы Дала» қоз­ғалысының жетекшісі Айдос Сарым, саяси сарапшы Расул Жұмалы, «Жас Отан» қалалық филиалының атқарушы хатшысы Арман Халбеков, ҚХКП қалалық коми­тетінің идеология және жастар саясаты бойынша хатшысы Елнұр Бейсенбаев, ҚР Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Бақытжан Бұхарбаев, «Алаң» саяси ток-шоуының продюсері, саясаттанушы Нұрмұхамед Байғараев қонақ ретінде қатысты. Тіл мәселесін қонақтармен қатар, саясаттану кафедра­сының студенттері де кеңінен талқыға салып, өздерінің ұсыныстарын айтып жат­ты. Студенттер екі топқа бөлініп, қазіргі таңдағы мемлекеттік тіл саясатына деген екі көзқарасты білдірді. Мысалы, «Фено­мен» тобы мемлекеттік бағдар­ламаларды қолдап, олардың табысты іске асып жат­қанын тілге тиек етті. Ал «Аманат» тобы бол­са, керісінше, мемлекеттік тіл сая­сатын сынға алып, қазіргі таңдағы мем­лекеттік тіл мәселесінің өзекті мәселелерін қозғады. Өз кезегінде сарапшылар қазақ тілінің дамы­мауына қазіргі таңда кірме идео­логиялар әсер етіп отырғанын айта келе, қазақ тілін интернет арқылы дамы­тып, оны ғылым және қоғамның тіліне айналдыру керек деген ұсыныстарын білдірді. Сая­саттанушы Н.Байғараев: «Қазақстан­мен болашағын байланыс­тыратын азамат қана қазақ тілін үйренеді», – деп кесіп айт­ты.

Автор: Ермек САДИБЕКОВ