«Contemporary thinking» клубы өз жұмысын бастады

09.10.2012

Көрулер: 1668

Құрметті студенттер! Сіздерге, ағылшын тілінде жүретін «Contemporary thinking» клубына тіркелудің басталғанын қуанышпен хабарлаймыз.

Contemporary thinking:

Бұл клуб сізге ағылшын тілін іс жүзінде қолдануға ғана емес, сонымен қатар сол тілде ойлануды дамытуға септігін тигізеді. Клуб модераторы Абзал Касымжанов (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бакалавры, University of Glasgow магистрі) бізге көмекке келеді. Клуб айына екі рет, Ректоратта 306 кабинетте сағат 11.00-ден 12.30-ға дейін өтеді.

Тіркелу:

Бұл жобаға қатысамын деген студенттер, бізге өздері жайлы мәліметті 17 қазан 2012 жылға дейін kaznuthink@gmail.com адресіне жіберуі қажет (Аты-жөні, оқу курсы, факультеті, ұялы телефон нөмірі және электронды адресі).

Координатор: Әсем +77014595554, +77078328177