"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

09.10.2012

Көрулер: 1820

Фотографтар өнері сарапқа салынды

09.10.12.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде «Бүгінгі ел фотоөнерінің тынысы» атты ардагер фотошежірешілер, белгілі фототілшілер, кәсіпқой және әуесқой фотографтардың студенттермен кездесуі өтті.

Бүгінгі фотография, фотопуб­лицис­тика саласының еліміздегі тынысы жай­лы, аталмыш факультеттің аға оқыту­шысы, «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бір­­­лестігінің төрағасы Асылхан Әбді­райымұлы ұйымдасып атқарылған фотокөрмелер, фототүсірілімдер жа­й­ында айтып өтті. Tабиғат түсірілімінің маманы, «Қазақ­станның інжу-маржандары» атты фо­тоальбомның авторы белгілі журналист, аудармашы, фотосуретші Бораш Кәкен және той түсірілімі жанрының шеберлері атынан «Айдаhар премиум» студиясының басшысы Оңғарбек Алхаров өз жұ­мыстары жайында қысқаша баяндады. Соңынан студенттермен сұрақ-жауап алмасу қыза түсті.Ардагер фототілші Нұрғожа Жұбанов бүгінгі жастардың осы салаға қызығушылығы артқанына таңданыс білдірсе, факультет деканы Өмірхан Әбдіманов ұйымдастырушылар мен уақыттарын бөліп келген қатысушы мамандарға ризашылығын жеткізді. Белгілі дизайнер-суретші Н. Айым­бетовке де бүгінгі баспасөз бетіндегі фотосуреттерді өңдеу, көркемдеу жа­йында да көптеген сұрақтар койылды.
Сонымен қатар «ФОРМАТ - 2012» фотобайқауының жеңімпаздарын ма­рапаттау рәсімі де өтті. Оның қорытын­дысын қазылар алқасының төрағасы «Алматыкітап» баспасының бас ре­дакторы Алмира Үмбетқызы жария­лады.
Жеңімпаздар 3 номинация бойынша анықталды
Үздік портрет үшін - «Ашық алаң» газетінің фототілшісі Серік Өтегенұлы;
Үздік фоторепортаж үшін - Қы­зылорда қаласынан келген белгілі фотосуретшісі Қайрат Шалтақбаев;
Үздік пейзаж үшін - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің 4-курс студенті Ирина Сокол марапатталды.
Жеңімпаздарға диплом, қаржылай-заттай сыйлықтар табыс етілді.