Олимпиадалық алтынға басты үміткер ҚазҰУ студенті!

31.07.2012

Көрулер: 2411

Ауыр атлетикадын әлемнің екі дүркін чемпионы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Светлана Подобедова Лондон олимпиадасында 75 кг дейінгі салмақ бойынша ауыр атлетикадан олимпиадалық медалдің басты үміткері. Ол өзінің спорттық мансабында ешқашан рекордты жаңартпаған, дегенмен жеңіске біртабан жақын Светлананың Қазақстан қоржынына «Алтын» салуға үлкен мүмкіндігі бар.

Әлемдік рекордшылар – ресейлік Наталья Заболотная мен Надежда Евстюхина оның негізгі бәселестері.

Ал 3 тамыз күні Астана уақыты бойынша сағ. 17.30 өтетін әйелдер арасындағы жарыста С. Подобедова өнер көрсетеді.

ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі