"Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет

18.07.2012

Көрулер: 1549

Әлеуметтік жаңғыру – әрекетте

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұжы­мы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан На­зар­баевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаң­ғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоға­мына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласын зор ықыласпен қабыл алды. Онда республикамызда Елбасының 2011 жылғы қаңтардағы Жолдауынан кейін бас­тау алған және Жолдау-2012-ден кейін мықты күшке ие болған жаңғырту үдеріс­терінің қағидалары мен нақты тапсырмалары дәл, анық және еліміздің әрбір тұр­ғынына түсінікті түрде көрсетілген.

Жаңғыру адамзаттың дамуынсыз, жо­ға­ры еңбек деңгейін меңгерген белсенді қалыптасқан қоғамның өркениетінсіз, құ­қықтық сауаттылықсыз, рухани-адамгершілік құндылықтарсыз және, әрине, әлеу­меттік сауаттылықсыз мүмкін емес. Біз әсі­ресе Президенттің оқыту-тәрбие үдерісте­рін түбірімен өзгерту қажеттілігін қолдай­мыз. Шынында да, сапалы білім беру мен жастардың тәрбиесі қазақстандық қоғам­ның жаңғыруының маңызды ресурсы болып табылады. Және де білім жүйесі қа­зақстандықтардың жаңа буынын – шынайы тұрғыдағы белсенді және өз еліне жауапты азаматты дамытуда зор жауапкершілікке ие. Осыған орай, Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университеті ректор Ғ. Мұтановтың жетекшілігімен еліміз­дегі ЖОО арасында бірінші болып университеттік ортаның әлеуметтік жаңғыруына қадам басты. Бұл жердегі ең бастысы – оқу үдерісіне білім берудің модульді жүйесі негізінде компетенттік тұрғыда оқытудың енгізілуі. Аталмыш инновацияға орай ҚазҰУ-да бүгінде білім нәтижесінің жаңа жобалары жүзеге асуда. Болашақ мамандардың кәсі­би және әлеуметтік-азаматтық компетентті игеруі – біздің түлектерімізге тек жұ­мыс­қа орналасу мүмкіндігін беріп қана қой­май, сонымен бірге жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға да серпін беретіндігін ерекше екпінмен айтуға болады. Әлеуметтік жаңғыртудың маңызды қа­ғи­даларының арасында Мемлекет басшысы біздің университетіміздегі әлеуметтік саясатта да қалыптаса бастаған әріптестік қатысу қағидасын атады. Қоғамдық-кәсі­би басқарманың үлгісін жүзеге асырған уни­верситет өзін-өзі ұйымдастырудың ана­ғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізді. Халықаралық «Университет достары» клу­бының, Түлектер қауымдастығының, Жұ­мыс берушілер кеңесінің, Ақсақалдар ке­ңе­сінің, кәсіподақтың, студенттік өзін-өзі басқарудың белсенді жұмыстары жаңғыру үдерістерінің шекарасын кеңейтіп, ЖОО басқармасындағы барлық ұжымда, сонымен бірге жергілікті бірлестікте шығарма­шылық және интеллектуалды әлеуетті кеңі­нен қалыптастырды. Университет менеджментінің түрле­нуін­де нәтижеге бағытталған басқару жү­йе­сін енгізу негізгі маңыздылық болды. Қызметтің индикативті жоспарлануы – университеттегі өзіндік «ноу-хау» деуге болады. Оның басты индикаторлары әл­ем­дік жоғары оқу орындарына лайықты нақ­ты сапалы және көлемді көрсеткіштерге негізделген. Ұжым мүшелерін олардың жеке және шығармашылық қабілетіне сай марапаттауды іске асыруға мүмкіндік беретін оқытушылардың қызметтерін рейтингілік бағалау жүйесі енгізілді. Және бұл еңбек бағасын әділетті бағалау қағи­да­сына толықтай сай келеді. Сондай-ақ рейтингілік көрсеткіштер жетістігін бағын­дыру арқылы ҚазҰУ әрбір қадамында әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу мақсатына жақындап келеді. QS (Ұлы­британия) Халықаралық рейтингілік агент­тігінің мәліметі бойынша, Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ 2011-2012 оқу жылында жеке пәндер бойынша әлемдік үздік 200-топ ЖОО тізіміне енді. Жаңғыртудың жаңа тәсілдері сонымен қатар студенттерге әлеуметтік тұрғыдан көмек көрсету саласында да іске асырылады. Бүгінде әлеуметтік пакетті дамыту университет тарапынан ғана емес, сондай-ақ әріптестер мен түлектердің қаржылай қол­дауымен де жүзеге асуда. Мысалға, соңғы оқу жылында басым көпшілігі әлеуметтік жағдайы төмен санаттағы талантты білімгерлерді қолдау бағытында университетте жалпы көлемі 20,5 млн теңгені құрайтын 300-ге жуық демеушілік шәкіртақы таға­йындалды. Біздің студенттер үшін бұл тек материалды қолдау ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік жауапкершіліктің керемет үлгісі және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда бизнестің рөлін көтеру болып табылады.

Елбасы атап өткендей, бүгінде, негізінен, ақыл үшін және жас ұрпақтың жүрегі үшін күрес жүріп жатыр. Бұл тәрбие жұ­мысы барысында жастармен жұмыс істеудегі біздің басымдықтарымызды анық­тайды. Университетте студенттердің ма­ңыз­ды кәсіби және рухани-адамгершілік құн­дылықтарға араласуына негіз болатын ұжымдық мәдениет кодексі қабылданған. Студенттік топтарға кураторлар тағайын­далып, педагогикалық жетекші механизмі енгізілді. Клубтық жұмыс түрлерінің қағи­далары бойынша студенттер ғылыми-зерт­теу және мәдени, спорттық және қо­ғамдық шараларға белсенді түрде араласады.

Президенттің идеялары мен жос­пар­лары қашанда Қазақстанның бар­лық халық­тарының, соның ішінде жо­ғары мектеп өкілдерінің жүрек­те­рінен орын алады. Ұлт көшбас­шы­сының ма­ңызды және заманауи тапсырмасын, ең алдымен, еліміздің әр азаматы үшін мақсатты түрде жетіс­тікке жету жолы деп қабылдайды. Сондықтан біз бар­лығымыз оның жүзеге асуына атсалысып, Жалпыға ортақ еңбек қоғамының құрылуына өз үлесімізді қосуға тиіспіз.

Шолпан ЖАМАНБАЛАЕВА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың проректоры, әлеуметтану ғылымының докторы, профессор