"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

18.07.2012

Көрулер: 1743

Елбасы мақаласы – ұлттық идеяның көрінісі

18.07.12.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласын талқылауға арналған Ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісі өтті.

Мәжілісте ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты Елбасының мақала­сы - ұлттық идеяның көрінісі. Еңбек болса, нәтижеге де жетеміз. Біз университетте адами ка­питалды дамыта отырып, бәсекеге қабілетті мамандар дайын­даймыз. Жо­-
ғары оқу орнында студенттер қандай құнды­лықтарды игеріп шы­ғады деген мәселеге көңіл аударамыз. Міне, мұндай бағыт­тарға бас мақаладағы тапсырмалар ар­қылы қол жеткіземіз, - деп атап өтті.
Ал әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шолпан Жа­манбалаева Президенттің бағдарламалық мақаласындағы негізгі ережелері және оларды іске асырудағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы­ның міндеттері туралы кеңінен баяндады. Шолпан Жаманбалаева: «Президенттің оқыту-тәрбие үдерістерін түбірімен өзгерту қажет­тілігін қолдаймыз. Шынында да, сапалы білім беру мен жастардың тәрбиесі қазақстандық қоғамның жаңғыруының маңызды ресурсы болып табылады. Және де білім жүйесі қазақстандықтардың жаңа буынын - шынайы тұрғыдағы белсенді және өз еліне жауапты аза­матты дамытуда зор жауапкершілікке ие», - деп атап өтті өз сөзінде. Білім және ғылым саласын дамытуға айқын бағдар алған жоғары оқу орнының профессорлары жалпыға ортақ еңбек қоғамына зор жауапкершілікпен қарап, қойылған міндет үдесінен шығуға атсалысатындығын жеткізді. Қоғамның әлеуметтік жаң­ғыртылуы барысындағы кәсіподақ ұйымдарының рөліне ерекше назар аударуы, кә­сіподақ ұйымының басшысы ретінде ерекше пікір білдірген әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағының төрағасы Талғат Мекебаев: «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподақ ұйымы университет басшылығымен әлеуметтік серіктестік, қарым-қатынаста жемісті жұмыс атқарып келе жатқандығын атап өткім келеді. Елбасы көтерген әлеуметтік серіктестіктің тиімділігі мен нәтижесіне университет ректоры Ғ.Мұта­новтың бастамасымен жүзеге асырылған әлеуметтік серік­тестікті үлгі ретінде көрсетуге болады. Елбасы атап көр­сеткендей, әлеуметтік заңнамаларды күшейтіп, әлеуметтік серіктестіктің тиімді нәтижелі екенін көре отырып, университетімізде бұл мәселені ары қарай дамыта түсу керек деп ойлаймын. Жұмыс берушінің қызметкер алдындағы міндеттерін айқындайтын Ұжымдық шарт та универси­тетімізде жүзеге асуда. Президенттің жаңғырту үрдістерінің табыстылығын жүзеге асыратын басты қағидалардың бірі ынталандыру екенін атап көрсетеді. Сондықтан адал еңбекке ынталандырудың жолын табу, еңбек табыстарын қоғамдық ынталандырудың жүйесін құру Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәсе­лелерінің бірі. Елбасының адам еңбегін адал бағалау принципі де біздің университеті­мізде жүзеге асуда. Бұл -рейтинг жүйесі. Әркім атқарған еңбегіне орай және көрсеткен нәтижесіне карай ма­рапат­талады. Біздің ұстаздарымыз жыл сайын еңбек көрсет­кіштерін көтеруге ынталандырылады. Ынталандыру прин­ципі біздің уни­верситетімізде жұмыс жасауда, біз оны ары қарай дамытамыз, - дейді.
Мәжілісте сондай-ақ биология және биотехнология факультеті биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі Сұлтан Төлеуханов және университеттің басқа да ғалымдары, оқыту­шы­лары қатысып, Ұлт Көшбасшысы­ның бағдарламалық мақаласына үн қосты, пікір білдірді. Көрсе­тілген нақты тапсырмаларға орай жұмыс атқаратын­дықтарын жеткізіп, мақаланы дамудың басты құжаты деп қабылдады. Талқы нәтижесі бойынша мемлекет бас­шысының бағдар­ламалық баяндамасында көрсетілген негізгі ережелерді жүзеге асыру бойынша жоспар қабылданды.

Еркін ҚАЛДАН