"Егемен Қазақстан" жалпыұлттық республикалық газет

18.07.2012

Көрулер: 1522

18 шілде 2012 жыл

Ғалымдар қолдауы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылыми кеңестің Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласын талқылауға арналған кеңейтілген мәжілісі өтті.
­ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов «Жал­пыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты Елбасының мақаласы – ұлттық идеяның көрінісі дей келіп, еңбек нәтижеге жетудің тура жолы деген ойды білдірді. Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шол­пан Жаманбалаева Қазақстан Пре­зи­дентінің бағдарламалық мақала­сын­дағы негізгі ережелер және оларды іске асыру жөніндегі ұжымның мін­дет­тері туралы кеңінен баяндады. «Пре­зиденттің оқыту-тәрбие үдеріс­терін тү­бірімен өзгерту жө­ніндегі талаптарын қолдаймыз. Шынында да, сапалы білім беру мен жастардың тәр­биесі қазақ­стан­дық қоғамның жаңғыруы­ның ма­ңыз­ды ресурсы болып табылады», деді ол.
Білім және ғылым саласын дамытуға айқын бағдар алған жоғары оқу орны­ның профессорлары Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына зор жауапкершілікпен қарап, қойылған міндеттер үдесінен шы­ғуға атсалысатындықтарын жеткізді. Қо­ғам­ның әлеуметтік жаңғыртылуы бары­сын­дағы кәсіподақ ұйымдарының рөліне ерекше назар аударуы, кәсіподақ ұйы­мының басшысы ретінде ерекше пікір білдірген Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерле­рінің «Парасат» кәсіподағы­ның төрағасы Талғат Мекебаев: «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкер­лерінің «Парасат» кәсіп­одақ ұйымы университет басшылығымен әлеуметтік се­ріктестік, қарым-қатынаста жемісті жұ­мыс атқарып келе жатқандығын атап өткім келеді. Елбасы көтерген әлеу­мет­тік серіктестіктің тиімділігі мен нәти­жесіне университет ректоры Ғ.Мұта­новтың бастамасымен жүзеге асырылған әлеуметтік серіктестікті үлгі ретінде көрсетуге болады. Елбасы атап көр­сет­кендей, әлеуметтік заңнамаларды күшей­тіп, әлеуметтік серіктестіктің тиімді нә­тижелі екенін көре отырып, универси­тетімізде бұл мәселені ары қарай дамыта түсу керек деп ойлаймын. Жұмыс бе­рушінің қызметкер алдындағы міндет­терін айқындайтын Ұжымдық шарт та уни­верситетімізде жүзеге асуда», деді.
Шешендер Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңғырту идеясын жүзеге асырудың басты қағида­ларының бірі ынталандыру екенін атап көрсетті, нақты тапсырмаларға орай жұмыс атқаратындықтарын жеткізді.
Кеңес талқылау нәтижесі бойынша Мемлекет басшысының бағдарламалық баяндамасында көрсетілген негізгі ере­желерді жүзеге асыруға бағытталған шаралар белгіледі.

«Егемен-ақпарат»