"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

18.07.2012

Көрулер: 1522

16 Шілде 2012, 10:11

ҚазҰУ еліміздегі ЖОО арасында бірінші болып университеттік ортаның әлеуметтік жаңғыруына қадам басты - профессор Ш. Жаманбалаева

АСТАНА. 16 шілде. Қазақпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұжымы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласын зор ықыласпен қабыл алды.

Онда республикамызда Елбасының 2011 жылғы қаңтардағы Жолдауынан кейін бастау алған және Жолдау-2012-ден кейін мықты күшке ие болған жаңғырту үдерістерінің қағидалары мен нақты тапсырмалары дәл, анық және еліміздің әрбір тұрғынына түсінікті түрде көрсетілген, дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың проректоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессо Шолпан Жаманбалаева.

Профессордың айтуынша, жаңғыру адамзаттың дамуынсыз, жоғары еңбек деңгейін меңгерген белсенді қалыптасқан қоғамның өркениетінсіз, құқықтық сауаттылықсыз, рухани-адамгершілік құндылықтарсыз және әрине, әлеуметтік сауаттылықсыз мүмкін емес. Біз әсіресе, Президенттің оқыту-тәрбие үдерістерін түбірімен өзгерту қажеттілігін қолдаймыз. Шынында да, сапалы білім беру мен жастардың тәрбиесі қазақстандық қоғамның жаңғыруының маңызды ресурсы болып табылады. Және де білім жүйесі қазақстандықтардың жаңа буынын - шынайы тұрғыдағы белсенді және өз еліне жауапты азаматты дамытуда зор жауапкершілікке ие. Осыған орай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректор Ғ. Мұтановтың жетекшілігімен еліміздегі ЖОО арасында бірінші болып университеттік ортаның әлеуметтік жаңғыруына қадам басты. Бұл жердегі ең бастысы - оқу үдерісіне білім берудің модульді жүйесі негізінде компетенттік тұрғыда оқытудың енгізілуі.

Аталмыш инновацияға орай ҚазҰУ-да бүгінде білім нәтижесінің жаңа жобалары жүзеге асуда. Болашақ мамандардың кәсіби және әлеуметтік-азаматтық компетентті игеруі - біздің түлектерімізге тек жұмысқа орналасу мүмкіндігін беріп қана қоймай, сонымен бірге, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға да серпін беретіндігін ерекше екпінмен айтуға болады.

Әлеуметтік жаңғыртудың маңызды қағидаларының арасында мемлекет Басшысы біздің университетіміздегі әлеуметтік саясатта да қалыптаса бастаған әріптестік қатысу қағидасын атады. Қоғамдық-кәсіби басқарманың үлгісін жүзеге асырған университет өзін-өзі ұйымдастырудың анағұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізді. Халықаралық «Университет достары» клубының, Түлектер қауымдастығының, Жұмыс берушілер кеңесінің, Ақсақалдар кеңесінің, Кәсіподақтың, Студенттік өзін-өзі басқарудың белсенді жұмыстары жаңғыру үдерістерінің шекарасын кеңейтіп, ЖОО басқармасындағы барлық ұжымда сонымен бірге, жергілікті бірлестікте шығармашылық және интеллектуалды әлеуетті кеңінен қалыптастырды.

Университет менеджментінің түрленуінде нәтижеге бағытталған басқару жүйесін енгізу негізгі маңыздылық болды.

Қызметтің индикативті жоспарлануы - университеттегі өзіндік «ноу-хау» деуге болады. Оның басты индикаторлары әлемдік жоғары оқу орындарына лайықты нақты сапалы және көлемді көрсеткіштерге негізделген. Ұжым мүшелерін олардың жеке және шығармашылық қабілетіне сай марапаттауды іске асырауға мүмкіндік беретін оқытушылардың қызметтерін рейтингтік бағалау жүйесі енгізілді. Және бұл - еңбек бағасын әділетті бағалау қағидасына толықтай сай келеді. Сондай-ақ, рейтингтік көрсеткіштер жетістігін бағындыру арқылы ҚазҰУ әрбір қадамында әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу мақсатына жақындап келеді. QS (Ұлыбритания) Халықаралық рейтингтік агенттігінің мәліметі бойынша, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2011-2012 оқу жылында жеке пәндер бойынша әлемдік үздік 200-топ ЖОО тізіміне енді.

Жаңғыртудың жаңа тәсілдері сонымен қатар, студенттерге әлеуметтік тұрғыдан көмек көрсету саласында да іске асырылады. Бүгінде әлеуметтік пакетті дамыту университет тарапынан ғана емес, сондай-ақ, әріптестер мен түлектердің қаржылай қолдауымен де жүзеге асуда. Мысалға, соңғы оқу жылында басым көпшілігі әлеуметтік жағдайы төмен санаттағы талантты білімгерлерді қолдау бағытында университетте жалпы көлемі 20,5 млн. теңгені құрайтын 300-ге жуық демеушілік шәкіртақы тағайындалды. Біздің студенттер үшін бұл тек материалды қолдау ғана емес, сонымен бірге, әлеуметтік жауапкершіліктің керемет үлгісі және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда бизнестің рөлін көтеру болып табылады.

Елбасы атап өткендей, бүгінде, негізінен, ақыл үшін және жас ұрпақтың жүрегі үшін күрес жүріп жатыр. Бұл тәрбие жұмысы барысында жастармен жұмыс істеудегі біздің басымдықтарымызды анықтайды. Университетте студенттердің маңызды кәсіби және рухани-адамгершілік құндылықтарға араласуына негіз болатын ұжымдық мәдениет кодексі қабылданған. Студенттік топтарға кураторлар тағайындалып, педагогикалық жетекші механизмі енгізілді. Клубтық жұмыс түрлерінің қағидалары бойынша студенттер ғылыми-зерттеу және мәдени, спорттық және қоғамдық шараларға белсенді түрде араласады.

Президенттің идеялары мен жоспарлары қашанда Қазақстанның барлық халықтарының соның ішінде, жоғары мектеп өкілдерінің жүректерінен орын алады. Ұлт көш басшысының маңызды және заманауи тапсырмасын, ең алдымен, еліміздің әр азаматы үшін мақсатты түрде жетстікке жету жолы деп қабылдайды. Сондықтан біз барлығымыз оның жүзеге асуына атсалысып, Ортақ Еңбек Қоғамының құрылуына өз үлесімізді қосуға тиіспіз.