"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

04.07.2012

Көрулер: 1531

04 Шілде 2012, 17:07
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік үздік топ-университеттер тізіміне енді
АЛМАТЫ. 4 шілде. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның QS Халықаралық рейтингтік агенттігі 2011-2012 оқу жылында жеке пәндер бойынша әлемдік үздік 200 топ-университеттердің тізімін жариялады.

Олардың арасына бұрынғы кеңестік республикалардан 2 жоғары оқу орны ғана еніп отыр. Бұлар -Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті.

ҚазҰУ-дың баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр бұл рейтингте Қазақстандағы жетекші ұлттық университет 700 жоғары оқу орны арасында 402-орын алған еді. Ал алдыңғы жылы 602-сатыда тұрған болатын. Көш басындағылармен арадағы арақашықтықты 2 жылдан бері тұрақты түрде айтарлықтай қысқартып келе жатқан ҚазҰУ ел Президентінің әлемдік топ-университеттер рейтингісіне ену тапсырмасын лайықты орындауда.