"Президент және халық" республикалық қоғамдық-саяси газет

25.05.2012

Көрулер: 1572

200-орынға жоғарылады

25-Мамыр, 2012

Quacquarelli Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттігінің зерт­теулеріне сәйкес, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситеті үздік секіріс жасап, дүниежүзі деңгейіндегі уни­верситеттер көрсеткіші бойынша бір жыл ішінде әлем­дік топ-университеттер рейтингісінде 200-орынға жо­ғарылап, 401-ші орынды иеленіп, 401-45 дәрежеге ен­ді. Бұл ретте, ҚазҰУ әлемдік үздік университеттердің ор­таң­ғы бөлігіне жақындаған Орталық Азиядағы тұңғыш уни­верситет болып табылады.

Университет ұжымының бір­неше ай бойы атқарған ты­нымсыз еңбегінің ар­қа­сында«классикалық уни­вер­ситеттен зерттеу уни­вер­си­тетіне айналды». Бүгінде «жа­ңа­шылдық» университеттің бар­лық құрылымына тың серпін бер­ген. Факультеттер кластерлік не­гізде қайта жасақталып, ка­федралар іріленді, тиімді ме­неджмент, әр қызметкер ең­бе­гінің рейтингтік жүйемен ба­ғалануы, инновациялық инфра­құ­рылымдардың заманауи тұр­­ғыдан жетілуі, әлеуметтік се­­ріктестік, корпоративті мә­де­ниеттің дамуы және тағы да бас­қа атқарылған іс-шаралар білім ор­дасының жаңғыру, жаңару үл­гі­сін құрады.

Бүгінгі таңда ҚазҰУ-да қолданбалы және іргелі зерт­теулер бойынша 200-ден ас­там жоба қолға алынған. Қа­зақс­тан тәуелсіздігінің 20 жыл­дық мерейтойына орай қараша­ңырақта «Тәуелсіздіктің 20 жыл­ды­ғына – 20 инновация» атты ма­ңызды жоба жүзеге асырылып жа­тыр. Жобаларды жүзеге асы­ру үшін университетте ғы­лы­ми-зерттеу, тәжірибелік құ­растыру жұмыстарының нә­ти­желері және технология транс­ферті атты орталық құ­ры­лып, коммерциализациялау жә­не лицензиялау кеңсесі ашы­лып, технопарк жұмысы то­лықтай жаңғыру үстінде. Осы шаралардың барлығы сту­денттердің ғылыми-ин­но­ва­ция­лық жұмыстарға белсене тар­тылуына зор септігін ти­гі­зеді. Соның айғағы ретінде әр факультеттерде құрылып жат­қан ғылыми-инновациялық ке­ңес­тер. Кеңестің басты мақсаты – уни­верситтетегі беделді ға­лым­дардың және жетекші ма­мандардың қолдауымен сту­денттерді ғылыми ин­но­вациялық, өндірістік, ин­же­нер­лік зерттеулерге қатыстыру. Сту­денттердің ғылыми ин­но­ва­циялық кеңесінің ережелері жа­салынып, құрамы бекітіледі. Ке­ңес шешімімен олардың мү­шелерінің құқықтары мен өкі­леттіктері айқындалады. Ғы­лыми кеңес студенттердің ғы­лы­ми жобаларға қатысуына, олар­дың шығармашылық шеберлігін арт­тыруға, техникалық ой­лау қа­білетін кеңейтуге кө­мек­те­се­ді.

Осындай айқын нәтижелерге же­туде ҚазҰУ ректоры, ака­де­мик Ғалым Мұтанов сту­дент­терге зор қолдау танытып отыр. Ректордың шешімімен 16-сәуірден бастап өндірістік кә­сіпорындар немесе олардың бө­лімшелері түрінде аймақтық бі­рігудің жаңа нысаны ретінде «Тех­нопарк » ашылды.

«Бизнес инкубатор аясында» ая­сында ашылатын 2 қабатты ғи­маратта ғылыми байқауларда же­ңімпаз атанған ҚазҰУ сту­денттері өз жобаларын жүзеге асы­ра алады. Осы мақсатта құ­рылған «Технопарк» та­лап­­ты жастарға жол көрсетіп, олар­дың ғылым жолында жетер бе­лес­те­рін айқындай түспек.

Бағжамал АДАМБАЛИНОВА,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың гуманитарлық факультеттерге арналған шет тілдері кафедрасының оқытушысы.