"Президент және халық" республикалық саяси-қоғамдық газет

25.05.2012

Көрулер: 1907

Білімнің шыңын бағындырғың келсе…

25-Мамыр, 2012 | 2 рет оқылған

Қазақ ежелден атақ пен данқ қумаған, жері қандай дар­хан болса, жүрегі де сондай дархан халық. Ғасырлар бо­йы тарихтың тұңғиық қатпарынан бойына ізгі қа­сиет­терді жинап, тереңге тамырланған баба дәстүрін ұр­пағына аманаттап келеді. ХХ ғасырдың басында Ал­ма­ты қаласында құрылған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық уни­верситеті бүгінде ғылым-білімнің киелі қара ша­ңы­ра­ғы­на айналған.

Елбасы өзінің кезекті жол­да­­уында: «Болашақ жастардікі», деп мәлімдеген болатын. Сон­дық­тан болар ҚазҰУ ректоры, ака­демик Ғалым Мұтанов уни­вер­ситеттегі үздік, белсенді жас­тарға қолдау таныту мақ­сатында студенттердің ғы­лы­ми-зерттеу жобалары үшін грант­тар бөлінетінін, оқуда озат, әлеуметтік жағдайы тө­мен студенттерге қолдау ре­тін­де атаулы шәкіртақылар та­ғайындау саны артып келе жат­қа­нын айтқан.

Ақылы бөлімде үздік оқып жүр­ген студенттердің төлем ақы­сына 25 пайыз жеңілдік қа­растырылған. Көшбасшы уни­верситет еліміздегі ЖОО арасында бірінші бо­лып компетентті оқытуды қол­ға алды. Сонымен бірге, бі­лім ордасында жастарды ғы­лым­ға баулып қана қоймай, тәр­биелеуге де ерекше назар ау­да­рылған. Университетіміз сту­дент­терді ғылым мен білімге ға­на сусындатып қоймай, эс­те­ти­калық тәрбие жұмысына да зор көңіл бөледі.

Ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең бірінші бі­лім емес, тәрбие берілуі ке­рек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» де­ген екен. «Ел болам десең, бе­сі­гінді түзе», деп Мұхтар Әуе­зов айтқандай өскелең ұр­пақ­тың сапалы түрде білім алып, оның тұлғалық жағынан толық қа­лыптасуына ата-анасы, қор­ша­ған ортасы және білім ордасы әсер етеді. Осыған орай, әр фа­куль­тетте жүйелі түрде белгілі тұл­ғалармен өткізіліп тұратын ке­з­десулер, студенттердің бас­қару ұйымдары өткізетін ин­тел­лек­туалды іс-шаралар және тағы да басқа эстетикалық бағыттағы ат­қарылатын жұмыстар студент жас­тардың эстетикалық тәр­бие­сін арттырады.

Жылма-жыл дәстүрлі ҚазҰУ-да өткізілетін «Ана тілі сұл­таны», «Ана тілі аруы», «Жас Дарын», «Студенттік көк­тем», «Әз-Наурыз» бай­қау­ла­ры студенттерге патриоттық тә­лім-тәрбие беріп, оларды ұлт­жандылыққа тәрбиелеп ке­­леді. Сонымен қатар, әр фа­куль­тет­терде түрлі та­қы­рып­тар­да, әсіресе әдеп, тәрбие, эти­ка тұрғысында ой-жарыстар, пі­кірсайыстар болып тұрады. Осы өткізілетін игі шаралардың бар­лы­ғы сайып келгенде студент жас­тардың әдепті, тәрбиелі бо­луына зор көмегін тигізетіні дау­сыз.

Зәулім ректораты аспанмен та­­ласып, ауласы жасыл бақ пен ағашқа толы, төңірегіне 13 факультетті біріктірген алып ҚазҰУ-дың қалашығы мен Студенттер сарайы шет ай­мақ­тан келетін қонақтарға әсер ет­пей қоймайды. Жалғызаяқ жол­дарымен ере берсеңіз, ас­қар тауларды көріп, табиғат пен адам сәулет өнеріне ерік­сіз бас иесіз. Тереңірек қа­ла­шыққа ене берсеңіз ағаш сая­сында тынығып отырған жас­тарды көре аласыз. Бұл – та­биғат философиясын, яғни адам баласы мен табиғаттың ара­сындағы байланысты айтады.

ҚазҰУ-ға арнап өлең шы­ғар­ған ақындар да аз емес. Со­лар­дың бірі өзімнің талапты сту­дентім, жас ақын Оралбек Ыс­қақ. Ол өзінің бір өлеңінде:

Артта қалған балғын шақтың бәрі аңыз,

Соны ойласақ жадыраушы еді санамыз.

11-сыныпты аяқтап,

Енді міне, Алматыға барамыз.

Күйдіргенде тірлік тағдыр отына,

Өткен күндер бастады ойға тоқыла.

Бала кезден құштар едік түсуге,

әл-Фараби атындағы оқуға.

Елестейді ескі Алматы бұрынғы,

Жырларыма шабыт берші ғұмырлы.

Ақындардың құты болған Алатау,

Құшақ жая қабылдай гөр ұлын­ды, – деп келтірген ҚазҰУ қа­шанда студенттерді алыстан баурап, кең құшағына тартады.

Е.О. АРТЫҚОВА,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

гуманитарлық факультеттерге арналған шет тілдері кафедрасының

оқытушысы.