Алматы қ. бос жұмыс орындар Жәрмеңкесі

17.05.2012

Көрулер: 1731

Құрметті 4-курс студенттері!

2012ж.18 мамыры күні сағ. 10.00 де Бостандық ауданы әкімінің аппараты мен Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бірлесе отырып, Алматы қаласындағы бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке ұйымдастырады. Жәрмеңке барысында 2012ж. түлектері өздеріне лайықты әрі мамандығы бойынша жұмыс табу мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен қатар Бостандық ауданының жұмыспен қамту орталығы «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 2010жылы бітірген түлектерді жұмысқа шақырады. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында оларға 26мың теңге қаржы көлемінде айлық төленеді. «Жастар тәжірибесі» мемлекеттің ЖОО түлектеріне бірінші мамандық бойынша тәжірибе алуда қосымша жәрдемі болып табылады. Толық ақпаратты 3922190 телефоны арқылы алуға болады.

Мансап және бизнес орталығы