"Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет

16.05.2012

Көрулер: 1481

Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының негізгі трендтері талданды

Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының негізгі трендтері талданды Кеше Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде «Қазақстан 2020 – негізгі трендтер мен даму келешегі» атты жыл сайынғы мұстафиндік саясаттанулық оқулар шеңберіндегі республикалық ғылыми-теориялық конференциясы болып өтті.

Конференция жұмысына факультет деканы, философия ғылымының докторы, профессор Ә.Масалимова, саясаттану ка­федра­сының меңгерушісі, саяси ғылымдар докторы, профессор Г.Насимова, Саяси зерттеулер ассоциациясының пре­зи­денті, профессор Е.Алияров, Қазақстан жур­налис­тер академиясының президенті С.Қозы­баев, «Медиастандарттар инсти­туты­­ның» медиасарапшысы Е.Сүлейменов, тарих ғылымының докторы И.Черных, саяси ғылымдар кандидаты Чанг Бен Сунн, философия ғылымының кандидаты, до­цент А.Лұқпанов, саяси ғылым докторы, профессор Ә.Балапанова, саяси ғылым докторы, профессор С.Мұсатаев, саяси ғылым докторы Ә.Қайдарова және факуль­теттің өзге де оқытушы-профессорлар құра­мы, PhD докторанттар, магистранттар, сту­денттер қатысты. Факультет деканы Әлия Масалимова өзінің кіріспе сөзінде отан­дық саясаттану ғылымының қалып­та­суына сүбелі үлес қосқан, бүгінде елдегі кә­сіби сарапшыларды даярлайтын үздік орталығына айналған саясаттану кафед­расы­ның негізін қалаушы Тілеміс Тілеуға­былұлы Мұстафиннің ұстаздық, ғалымдық һәм қайраткерлік болмысына тоқталды. Тарих ғылымының докторы Сағымбай Қозыбаев отандық саяси ғылымды қалыптастырушылардың басында тұрған Т.Мұстафиннің артында өлмес мұра – көптеген кітаптары мен зерттеулері қал­ға­нын, оның жолын елге танымал шәкірттері жалғастырып жатқанын атап өтті. Кон­ференцияға Т.Мұстафиннің жұбайы Мә­риям Дәулетбақова мен ұлы Алмас Мұста­фин қатысып, ғалым өмірінен естелік айт­­ты. Конференция жұмысы «Қазақстан – жа­­һан­дық процестерде», «Қазақстан Рес­пуб­­ли­касының әлеуметтік-саяси модер­ни­за­циясы» және «Қазақстандық қоғамның ру­ха­ни-ізгіліктік дамуы» деген тақырып­тар­да үш секция бойынша жалғасты.

Автор: Құбаш МЕҢДІҒАЛИ