"Дала мен қала" республикалық қоғамдық-саяси газет

16.05.2012

Көрулер: 1727

БІЛІМ ЭКОНОМИКАСЫ – ҒАЛАМДЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕГЕУРІНДІ ТЕТІГІНЕ АЙНАЛДЫ

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ғылым мен білімді дамытуға зор көңіл бөлінгені мәлім. Өйткені, ЮНЕСКО болжамы бойынша, ХХІ ғасыр білім ғасыры болып табылады. Бүгінде «білім экономикасы» ғаламдық дамудың тегеурінді тетіктерінің біріне айналды. Бәсекелестіктің жаһандық индексіне енген 135 шарттың 8-і тікелей білім беруге қатысты. Сондықтан да ертеңін ойлаған елдер саланы өркендетуге жете мән беріп отыр.

Елбасы тапсырмасына орай отандық білім беруді қаржыландыру көлемі де жыл сайын артып келеді. Мемлекетіміз ЮНЕСКО-ның білім беруді дамыту ин¬дексі бойынша көшбасшы төрттікке енді. Ғылым мен білімді өркендетудің салалық бағдарламасы жасалып, негізгі даму ба¬ғыт¬тары анықталды. Бұл бағыттар ғылым¬ға қатысты жеке секторларды көтермелеу; ғылыми ауқымға қажетті қызметтер көр¬сету; ғылым мен білім технологияларын қолдау; іргелі зерттеулер сапасын арттыру сияқты тың өрістерді қамтиды. Ғылымды құрылымдық тұрғыдан реформалау аясында академиялық ғылыми мекемелер алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен біріктірілмек, инновациялық-білімдік консорциумдар құрылмақшы. Жетекші жоғары оқу орындарының базасында ғы-лыми және қолданбалы зерттеулер жүр¬гізу үшін жоғары технологиялар шоғыр-ландырылады. Мұндай университеттерге инновациялық университет статусы бе¬рілмек. Ал, ұлттық зерттеу университеттері еліміздегі ғылым мен жоғары білімнің көш¬басшысы болмақ. Бұл білім ордалары білім мен ғылымды, инновациялық өндіріс пен бизнесті кіріктіретін болады. Иннова¬циялық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізетін жоғары оқу орындарының үлесі 5 пайызға дейін артады. Міне, сөйтіп, сапалы білім беру Қазақстанның индустриялан¬дыры¬луының және инновациялық дамуы¬ның негізіне айналатын болады. Білім және ғылым министрлігінің деректеріне сәйкес мемлекетіміз халықаралық ұйым¬дардың білім беруді дамыту көрсеткіштері бойынша алғашқы төрттік құрамына енген. Қазақстан еуропалық білім беру ке¬ңіс¬тігі¬нің – Болон келісімінің толыққанды мүшесі болған алғашқы ортаазиялық мемлекет мәртебесін иеленді. Болон талаптарына сәйкес еліміз маман даярлаудың үш деңгейлі – бакалавриат-магистратура-докторантура моделіне көшті. 42 жоғары оқу орны халықаралық сапа менеджменті жүйесінің сертификаттау аудитінен өтті. Кластерлік бастамаларды ескере отырып, докторлық және магистерлік бағдарлама¬лар бойынша кадрлар даярлау үшін басым мамандықтардың тізімі анықталды. Ғылым мен өндірістің арасындағы байланысты күшейту; технологияны өндіріске тарту үдерісін жеделдету; қазақстандық ғылымды халықаралық ғылыми ортаға кіріктіру; зерттеу жобаларының тәуелсіз жүйесін құру; университеттік зертханалар жүйесін құру және т.б. ұстанымдарға не¬гізделген ғылымды қаржыландыру моделі жасалды. Сондай-ақ ғылыми және иннова-циялық іс-әрекет үшін қазіргі инфрақұ¬рылымдарды дамыту, академиялық ғы¬¬¬¬лы¬ми мекемелер мен жоғары оқу орын¬дары¬ның интеграциясын қамтамасыз ету; ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың тиімді жүйесін құру, ғылыми-зерттеу жә¬не конструкторлық іс-әрекеттерді жүргізу¬де жеке секторларды ынталандыру, ғы¬лыми мамандарды даярлау сапасын арттыру саласында да толайым іс тындырылды. Әлемдік экономиканың интегра¬ция¬лық үрдістеріндегі жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде білім сапасы аса маңызды рөл атқара¬ты¬нын ескере келіп, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қолға алған «классикалық университеттен зерттеу уни¬верситетіне көшу» жобасында білім-ғылымды, инновациялық өндіріс пен биз¬несті кіріктіру көзделген. Университеттік білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі Елбасы тапсырмасы алыс болашақты көздеп отыр. Жуырда тұсауы кесілген «Назарбаев Университеті» ар¬қауын¬да нарық сұраны¬сына бағдарланған жоғары оқу орнының инновациялық моделі қалыптастырылуда. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни¬вер¬ситеті сынды көшбасшы білім ордасы зерттеу уни¬вер¬ситеті мәртебесін иелену жолындағы алғашқы қадамдарын бастап кетті. Осы бағытта атқарылып жатқан іс-шаралар Елбасының ұлттық университеттерге жүк¬теген тапсырмаларына негіз¬деліп отыр.

Қазіргі таңда Қазақстанның әлемдік аренада бәсекеге қабілетті мамандар даярлау саласында лайықты орын алуы үшін барлық мүмкіндіктері бар. Осындай стра¬тегиялық міндетті шешу барысында қа¬зір¬гі таңдағы халықаралық талаптарға сәйкес елімізде жоғары білім беру жүйесін дамы¬тудың көшбастаушысы ғана емес, сондай-ақ қоғамның, білімнің, мәдениет¬тің, әлеу¬меттік саланың, экономикалық иннова¬ция¬лардың дамуына елеулі үлес қосатын республи¬кадағы жетекші әрі ірі оқу ордасы – әл-Фа¬раби атындағы Қазақ ұлттық университеті маңызды орын алады.

Университеттің жоғары білікті мамандар даярлау үшін қолданылатын ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндірістік қарымы жеткілікті. Қазіргі таң¬да елімізде қалыптасып келе жатқан жо¬ғары білім берудің жаңа үлгісі – мекемелер мен оқу үдерісін стандарттау, бас¬қа¬рудың елеу¬лі өзгерісін, жаңа педа¬гогикалық, ақ¬параттық технологияларды белсенді ен¬діруді үздіксіз және қашықтықтан білім беру арқылы дамытуды талап етеді. Бүгінгі таң¬дағы басты мін¬деті – өзгермелі әлеу¬меттік-эко-номикалық жағдайларға бейім¬делуге қабілетті жоға¬ры білікті жаңа буын мамандар даярлау. Бұл үшін, ең алдымен білім беру сапасы, оны бағалау үшін халықаралық талаптарды ұстану, менедж¬менттің жаңа деңгейін және ұжымды басқарудағы заманауи тә¬сілдерді пайдалану, дипломдардың халық¬аралық деңгейде танылуы мен білім беру бағдарлама¬ларының шетелдік жетекші оқу орын¬дарының бағдарламаларымен сәйкестігін қамтамасыз ету, шетелдерде, сондай-ақ, Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік және бірлескен компанияларда біздің мамандарымыздың біліктілігін тануға қажетті жағдай жасау керек. Уни¬вер¬ситеттің білім беру қызметінің аясында студенттер контингенті мен мемлекет¬тік білім беру тапсырысы күннен-күнге артып келе жатқанын атап өтуіміз керек. ҚазҰУ-дегі студенттер саны Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш саналады. Мұнда еліміздің ең мықты интеллектуал¬дық қа¬ры¬мы шоғырланған, оқу үдерісіне 1000 ғылым докторы мен кандидатын қосқанда 1646 оқытушы-профессорлар құрамы тартылған. Білім беру 14 факультет пен 102 кафедрада жүргізіледі. 183 мамандық бо¬йынша мамандарды даярлау білім берудің үш сатылы құрылымы: бакалавр, магистр, PhD-да жүзеге асырылады. Университет ғылым саласындағы білім беру жүйесін ұйымдас¬тыруда сөзсіз көшбасшы болып табылады. Азиялық Даму Банкінің мәліме¬ті бойынша, республика жоғары оқу орындарында жүр¬гізілетін барлық ғылы¬ми-зерттеу жұ¬мыс¬тарының 50%-нан көбі әл-Фараби атын¬дағы ҚазҰУ-дың еншісінде.

Сондай-ақ жоғарғы деңгейдегі басқару қызметін жетілдіру үшін шетелдік тәжіри¬бе мен мамандарды тиімді пайдалану да маңызды. Бұл үшін жоғары білікті және соған сәйкес тәжірибесі бар топ-менед¬жерлерді жұмысқа тарту қажет. Қорларды басқаруды, университет қызметінің нор¬мативтік-құқықтық базасын жетілдіру, қызметкерлер мен оқытушы-профес¬сорлар құрамының еңбекақысын жүйелі түрде көтеру, студенттер мен қызметкер¬лерге, оқытушыларға қолдау көрсету үшін әлеуметтік қорды кеңейту де күн тәртібінде тұр. Сонымен бірге қазіргі таңда универ¬ситеттің имидждік қызметінің халық-аралық деңгейде танылуын сыртқы жүйе негізінде қалыптастыру да басты міндеттер санатында.

Алға қойылған міндеттерді шешу үшін негізгі функционалдық бөлімше¬лердің қызметін стратегиялық жоспарлау; басқару жүйесін функционалды-диви¬зионды құру; нарық жағдайында әлемдік тәжірибеге сәйкес толыққанды қызмет етуге, оқу орны автономиясы қағидаларын жүйелі түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін университет қызметінің ең тиімді ұйымдастыру-құқықтық түрін іздеу және орындау; шетелдік топ-менеджерлерді қабылдау мәселелерін қарастыру, қажет жағдайда Үкіметпен және министрлікпен келісу қажет болады. Университет бөлім¬шелері қызметінің жаңа құқықтық үлгісін және студенттер сарайы мен спорттық ғи¬мараттарды жалға беру мүмкіндігін қа¬растыру; жаңа жағдайда оқу орнының тиімді қызметін қамтамасыз ететін мәселе¬лерді көтеру және оларды негіздеу мін¬детін шешу қажет. Университеттің екінші кезектегі құрылыс нысандарын, ғылыми-зерттеу институттарының, механика-ма¬тематика, физика және география факуль¬теттерінің, кітапхананың ғимарат¬тарын аяқтау туралы шаралар қабылдау, респуб¬ликалық бюджеттік комиссияның қарауы¬на қол жеткізу қажет. Универси¬теттің материалдық емес активтерімен жұмысын талдау және жетілдіру; қорлар-ды және қызметкерлерді басқару стратегиясын іске қосу, қарастыру және бекіту; қызмет-керлердің штаттық саны және құрылымы бойынша ғылыми және қар¬жы¬лық негіз¬делген ұсыныстарды пайдалану және қолдану, соның ішінде бюджеттен тыс қаржыны қолдану басты міндеттер санатында.

Жетпісбай БЕКБОЛАТҰЛЫ,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті