БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ

04.04.2012

Көрулер: 693

Қазақстанда осындай атаумен акция бастау алды. Ол 2012 жылдың соңына дейін жалғасады, оған жас ерекшелігіне, әлеуметтік және кәсіби айырмашылықтарына қарамастан кез келген қазақстандық қатыса алады.

Бұл бастау әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жастарын да айналып өтпеді. Бүгіннен бастап студенттер алдында нақты іспен және бастамалармен Елбасы Жолдауында көрсетілгендей, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жаңаруына ықпал етіп, өздерінің патриоттық сезімін байқату міндеті тұр.

Жарқын істер жиынтығына жақында Экономика және бизнес жоғары мектебінің студентері Страсбург менеджмент мектебінде (Франция) оқу бағдарламасын орындап өз үлестерін қосты және Қазақстанда бірінші рет қазақстандық және еуропалық менеджмент мамандығы бойынша қос диплом иегерлері атанады.

Ең қызықтысы, кампусқа адал еңбек етуде ҚазҰУ студенттері үшін акция белгісі жыл сайын көктемде жылы жақтан қайтып, бас ғимараттың көгінде қалқып жүретін ителгі құсы болып табылады. Дәл осы жерде біздің университет өздерінің дарынды жастарын болашаққа қанаттандыратындай, ол да өз балапандарын ұшуға баулыйды.

«Қырандар қалықтауды үйренеді» - әдемі әннің сөздерін тілге тек ете отырып, аға буын, университет ұжымы студенттерге игі бастама, тәжірибе және шығармашылық табыс тілейді.

Болашақ бүгіннен басталады. Қанатыңызды жайып, самғаңыздар, біздің қырандар. Елімізге мейірімді де пайдалы іс жасауға асығыңыз!