Тактильді кітаптағы ескерткіштер тарихы

10.07.2023

Көрулер: 1013

Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан адамзат өркениеті алғашқы жасалған тас құралдан бастап, ең соңғы ғылым мен техника жетістіктерін және рухани мәдени байлық үлгілерін түгел қамтитыны белгілі. Ор­та­лық Азияның төріне орналасқан Қазақстанның кең-байтақ даласында ғаламдық өркениеттің барлық ес­керткіштерін кездестіреміз. 

Сонымен бірге бұл өлкенің әлем­дік өркениетке қосқан ұлт­тық мәдениеті де бар. Қазақстан территориясы адамзат тари­хын­дағы екі мәдениет – көшпелілік пен отырықшылықтың түйіскен, қа­тар орналасып аралас-құралас өмір сүрген және төл мәде­ниет­терінің үздік үлгілерін бір-бірінен қабылдаған тарихи ғажап ай­мақ­та орналасқан.

Адамзат тарихындағы халық­тар­дың аса ірі қоныс аударулары кезеңінде бұл аймақта сан түрлі халықтардың мәдени, рухани және тарихи ескерткіштерінің ке­шен­дері қалыптасты. Осы баға­сыз байлықтың иесі, сақтаушысы, зерт­теушісі, жаңғыртушысы да және бұл жайлы әлем халқын ха­бар­дар етуші де тәуелсіз Қазақ­стан Республикасы. Бұл көп­са­лалы, ауыр да абыройлы міндетті атқару адамзат өркениеті ал­дын­дағы борышымыз.

Тәуелсіз Қазақ елінің әрбір еркін азаматы, ел болу үшін өзге бауырлас елдермен тереземіз тең болу үшін бізге міндетті түрде ата тарихымыздың куәсі болған ата мұраларымызды айрықша қастерлеуіміз керек.

2003 жылы бұл мәселе Қа­зақ­стан халқына арналған жол­дауда көтеріліп, артынша 2004-2006 жылдарға арналған «Мә­­дени мұра» атты мемлекеттік бағдар­ла­масы қабылданды.

Бүкіл адамзат тарихының да­муымен, біздің тарихымыздың ты­ғыз және ажырамайтын бай­ланысы және өзара қатынасының нәтижесі болып саналатын, ма­те­риалдық және материалдық емес мәдениет пен руханият ес­керт­кіштерін сақтауға бәріміз мін­дет­тіміз. Сондықтан да Зағип және нашар көретін азаматтарға ар­налған республикалық кітап­хана (ЗНКААРК) алғашқы рет өз пай­да­ланушылары үшін мәдени ес­керт­кіштерге (кесенелерге) ар­нал­ған «Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының ескерткіштерінің тарихы және мәдениеті тактильді кітапта» атты басылым шығара бастады. Тактильді кітаптардың сипатта­ма­сы жайпақ баспа, нүктелі-бе­дер­лі және бедерлі-графикалық, электронды тасымалдағышта бе­рілген.

Әрбір тактильді кітап бірегей туынды. Оның басты мақсаты – зағип жандарға қоршаған әлемді нақты сезініп, көз алдына келтіре білетіндей және пайдала­ну­ла­рына жеңіл, тартымды, қолайлы етіп жасау. Сол сияқты зағип жан­дарға жан-жақты білім алуында және тәрбиелеуде маңызы зор. Бұл тактильді кітаптар сіздерді қазақ халқының маңызы зор қолөнерімен және мемлекет тарапынан қорғалатын шығыстың тарихи ескерткіштерімен таныс­ты­рады.

Кітапханадағы тактильді кі­тап­тар XI-XII ғасырларда өмір сүр­ген ару қыз Айша бибі, Қарахан, Қожа Ахмет Ясауи, Арыстан баб кесенелері, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Тайқазан және т.б. тарихи ескерткіштерге арналған. Бұл кітаптар оқырмандарға тағы да бір өткен тарих парақтарына үңілуге мүмкіндік береді.

Тактильді кітаптарды шыға­ру­дағы негізгі мақсат – зағип, сон­дай-ақ нашар көретін оқыр­ман­дарға қоршаған әлемді зерттеуге және қабылдауға көмек беру. Оның көмегімен үлкен және кіш­кентай заттарды бейнелей алуға болады, оларды қазіргі түрінде қолмен тексеру мүмкін емес. Көптеген қарама-қарсы құбы­лыс­тар мен ұғымдарды тактильді кітаптағы суреттер мен заттар арқылы оңай түсіндіруге мүм­кіндік бар. Мәселен, 1984 жыл­дан бері Финляндияда зағип және нашар көретін оқыр­ман­дарға арналған тактильді кітаптар жасалып келеді. Қазіргі уақытта Финляндияның зағиптар кітап­ха­на­сында 300-ден астам кітап қоры бар, айтарлықтай өте кө­лемді кітап қоры, өйткені так­тильді кітап жасау процесі өте көп уақытты қажет етеді. Тек су­ретшілер мен дизайнерлерден ғана емес, сонымен қатар тифло­пе­дагогтер мен дефектологтерден де жоғары біліктілікті талап етеді.

Жоғарыда аталған тактильді кітаптар ЗНКААРК-ның кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөліміндегі «Оңалту» кабинетінде орналасқан. Со­ны­мен қатар оңалту кабинетінде зағип жандарға, кейіннен жүре көз жанарынан айырылған за­ғиптарға Брайль жүйесі бойынша оқу мен жазуды үйретеді. Көз ақауы бар және жүре көз жа­на­рынан айырылған зағип бала­лар­дың саусақ ұшы сезу қабілеттерін дамытуға, жұмыс істеу жасындағы жастар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды кеңістікті бағдарлауға бейімдейді. Сонымен бірге оңалту техникалық құралдары жайында ақпарат бере отырып, зағип ба­ла­лары бар ата-аналармен жұ­мыс, зағип жандардың басқа адамдармен қарым-қатынас жа­сау үшін өзі-өзіне қызмет ету әдіс­тері мен тифлотехниканы пай­далануға, әлеуметтік қарым-қатынас жасауға, әлеуметтік тәуелсіздікке, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету жұмыстары жүргізіледі.

Бүгінде қазіргі заман құ­ры­лы­­мына сәйкес, адам ба­ла­сы­ның қоршаған ортасын бірсарын­ды­лыққа әкелетін ға­лам­дандырудан қорғау шарасы ретінде мәдени мұра ескерткіштерін елге әй­гілеу, сақтап қалу ерекше ма­ңыз­ды шаруа болып отыр. Еліміздің әр­бір мұрасы біз үшін бағалы әрі қас­терлі. Мәдени мұраларымыз ұр­пақтан-ұрпаққа жалғасын та­батынына кәміл сенімдіміз.

Баян Асанова,

т.ғ.к., доцент

Жансая Қосмырза,

«Кітапханалық ақпараттық жүйе» мамандығының

1-курс докторанты