ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

09.07.2023

Көрулер: 843

  • Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ түлектеріне диплом табыстау салтанатты шарасына қатысты. 
  • Оқу ордасының басшысы «Алтай халықтарының жер-су атаулары» атты ХІ халықаралық симпозиумында баяндама жасады. 
  • Ректор «Алтай халықтарының жер-су атаулары» атты ХІ халықаралық симпозиумына арнайы келген белгілі түрколог ғалымдармен кездесу өткізді.
  • Жансейіт Қансейітұлы  Қазақстандағы Катар мемлекетінің елшісі Абдулазиз бен Сұлтан Джасем Маджид Әл-Румейхимен кездесіп, әріптестік қатынастарды одан әрі арттыру бойынша пікір алмасты.     
  • Ректор ҚазҰУ-дың Ақпарат және коммуникациялар департаментінің қызметкерлеріне журналистер күні қарсаңында марапаттар мен сертификаттар табыстады. 
  • ҚазҰУ басшысы Сиань Цзяотун университетінің вице-президенті Шан Вэньхуа бастаған Қытай Халық Республикасынан келген делегацияны қабылдады. 
  • Оқу ордасының басшысы Ғылыми кеңес отырысын өткізді. 
  • Жансейіт Түймебаев барша қазақстандықтарды 6 шілде — Астана күнімен құттықтады. 
  • Жансейіт Қансейітұлының “Ұлт сапасын кемелдендіру жолында” атты мақаласы “Егемен Қазақстан” газетіне жарияланды.