Астана күні құтты болсын!

06.07.2023

Көрулер: 1139

Құрметті Әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары,

студенттері, магистрант-докторанттары!

 

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында:

«Астана жаңару мен жаңғыруға жол ашты. Бүгінде Астана жан-жақты әрі қарқынды дамуда. Елордамыздың халықаралық беделі артуда. Астана ЮНЕСКО-ның шешімімен «Бейбітшілік қаласы» атанды», – деп атап өтті.

Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Астана жарқырап, жайнай берсін.

25 жылдық белеске көтерілген бас қаламыздың әлем алдында мерейі өсіп, ажары асқақтай берсін!

Елімізге тыныштық, халқымызға амандық, әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!

 

Құрметпен,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Басқарма Төрағасы – Ректоры

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ