Талапкерлерге жеңілдік

12.06.2023

Көрулер: 30357

Университет 2023-2024 оқу жылына келесі санаттағы талапкерлерге 10% жеңілдікті ұсынады:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінің балаларына;

2) Жетім балалар және ата-анасының, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының қамқорлығынсыз қалған балалар;

3) Толық емес отбасылардан шыққан балалар (бір ата-анадан тұратын);

4) Көпбалалы отбасылардан шыққан балалар (4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар, сондай-ақ оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын 18 жастан 23 жасқа дейінгі балалар).