Деректер негізінде шешім қабылдау үйретіледі

08.06.2023

Көрулер: 6516

2023 жылдың 10 маусым күні сағат 11:00-де ҚазҰУ-дың Әл-Фараби кітапханасында «Academic Leadership Institute» бағдарламасының «Data driven decision making – Деректер негізінде шешім қабылдау» үшінші модулі шеңберіндегі офлайн оқыту дәрісі өтеді.

Жобаны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен Назарбаев университетінің жоғары білім беру мектебі әзірлеген.

Іс-шара қызметкерлерді оқытуда, дәріс өтуі мен ғылыми зерттеу және кәсіби дамуындағы өзгерістер туралы шешімдер қабылдауға бейімдеуге бағытталған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі