Студенттер ғылыми бағытқа бейімделуде

30.05.2023

Көрулер: 819

Жыл басынан бастап филология және тарих факуль­тет­­тері бірігіп түрлі тақы­рыпта конфе­рен­циялар өткізіп келеді. Конференция мақсаты – студент­тер­ді әр қырынан ашып, өздігінен қорытынды жасай алуға, ізденуге мүмкіндік беру.

Осындай тағылымы мол кон­ференциялардың бірі Қо­жа Ахмет Ясауидің 930 жыл­ды­ғына орай ұйым­дас­ты­рылып, филология факультеті «Әдебиеттану және қолдан­ба­лы тіл білімі» мамандығының 1-курс студенттері ерекше фор­матта атап өтті. Бұдан сту­денттердің ғылыми бағытқа бейім­деліп келе жатқанын кө­руге болады. Себебі тың, маз­мұнды ақпараттарды тауып, қо­сымша мәліметтерді ұсына білді. Студенттер реферат, пре­зентация, схема, карта по­зи­циялары бойынша Қожа Ах­мет Ясауидің өмірі мен шы­ғар­машылығын талдап, өзара пікір алмасып, еркін форматта ой айта алатындай деңгейге аяқ басып келе жатыр. Олар Ясауи мен Арыстан баб ара­сын­дағы байланысты әсерлі көрініс арқылы жеткізе білді. Сонымен қатар студенттер ба­бамыздың мәдени мұ­ра­ла­ры әлі күнге дейін сақталып келе жатқаны жайында баяндап, көп­шілікке көрсетті. Бұл сту­дент­тердің ізденімпаз екенін аңғартты. Карта бо­йынша Қожа Ахмет Ясауи атын­дағы жоғары оқу орын­дары, көше­лер және киелі Түркістан ме­ке­ніндегі кесе­не­сін көрсетті. Конференция ба­ры­сында жас ақын­да­рымыз Қ.А.Ясауи ба­ба­мыз­дың рухына арнап өлең жол­дарын оқыды.

Бұдан өзге, кітап көрмесі өтіп, көпшілік Қ.А.Ясауиге ар­нал­ған еңбектермен танысты. Кеш соңында қонақтарға бі­лім қазынасы – кітап сыйға тартылды.

Фатима ҚОЗЫБАҚОВА,

Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры

Перизат БАЛҒЫНБАЕВА,

филология факультетінің 1-курс студенті