«Ассесмент-әңгімелесу» тақырыбындағы семинар-тренинг

21-ақп-12

Көрулер: 1976

Құрметті студенттер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру институты жанындағы Әлеуметтік технологиялар орталығы Философия және саясаттану факультетінің қолдауымен

қатысуды қалаушы барлық студенттер мен магистранттарға арналған тренинг, шебер-сыныбы және оқыту семинары жүргізілетіні туралы хабарлайды

Бірінші «Ассесмент-әңгімелесу» тақырыбындағы семинар-тренинг 2012 жылдың 26 ақпанында Философия және саясаттану факультетіндегі №19 дәрісханада сағат 10.00де болады (ҚазҰУ қалашығы, №3 оқу ғимараты, бұрынғы әскери кафедра).

Семинарға жазылу: 2012 жылдың 6-23 ақпан аралығында 377 34 35 телефон номері арқылы жүргізіледі.