Қалалық семинар өтті

23.01.2012

Көрулер: 1391

2012 жылдың 23 қантарында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде «Көркем шығармаларды оқыту арқылы студенттің тілдік құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті.

Семинарды мемлекеттік тіл кафедрасы ұйымдастырды.

Семинар жұмысына филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен магистранттары, мемлекеттік тіл кафедрасының ұжымы, сонымен қатар Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтның оқытушылары К.Абдулхакимова, А.Сагимова, Н.Бекеева, А.Құрманалиева қатысты.