Қысқы емтихан сессиясы басталады

09.12.2022

Көрулер: 5256

Құрметті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушылары!

12.12.2022 ж. бастап қысқы емтихан сессиясының басталатындығы туралы хабарлаймыз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2022-2023 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы кестеге сәйкес гибридті онлайн/офлайн форматта ұйымдастырылады.

Білім алушыларға сессияны тапсыру форматын таңдау мүмкіндігі беріледі.

Сессияны ұйымдастыру және өткізу сұрақтары бойынша факультет деканатына жүгінулеріңізді сұраймыз.

Сессия барысында сіздерге сәттілік тілей отырып, алған білімдеріңізді жақсы деңгейде көрсете алатындарыңызға сенім артамыз!