Жұмыс берушілердің сауалнамасы бойынша QS World University Rankings әлемдік агенттігі мәліметі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды әлемдік жоғары оқу орындары сатысының 300-350 ранг қатарына енді!!!

12.01.2012

Көрулер: 1834

QS World University Rankings әлемдік агенттігі Жұмыс берушілердің сауалнамасы бойынша әлемдегі ең үздік жоғарғы оқу орын рейтингін жариялады. QS агенттінің берген зерттеу мәліметі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алғашқы 300-350 ранг ішіне кірді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚазҰУ 2009 жылы барлық көрсеткіштер бойынша 601+, 2010 жылы 501-550 орын, ал 2011ж. университет өз позициясын 2009 жылмен салыстырғанда барлық көрсеткіштер бойынша нығайтып, 401-450 орынға көтерілген болатын. Сонымен Жұмыс берушілер саулнамасы бойынша ҚазҰУ тағы да 100 орынға көтерілді!

Халықаралық рейтингтің ең негізгі көрсеткіштерінің бірі Жұмыс берушілердің қанағаттану дәрежесі болып табылады. Бұл орайда Мансап орталығы Жұмыс берушілер арасында сауалнама жүргізеді. Сауалнамаға қатысқандар ішінде Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., ҚазМҰнайГаз, Қазатомпром, Ақтөбемұнайгаз, Қазақмыс, Самрұқ-Қазына, «Даму» қоры, Инновациялық қоры, Kazyna Capital Management, Microsoft Қазақстан, Ел Арна, Хабар, Қазақстан Халық банкі, Қазақстандық ипотекалық компаниясы, KPMG, ҒЗИ, Областық білім беру басқармалары, және т.б. ірі ұйымдардың өкілдері бар.

2011 жылғы сауалнама қорытындысы бойынша Жұмыс берушілердің негізгі саны теориялық, тәжірибелік професионалдық дайындық деңгейлерді (75%) жоғары бағалайды (4 пен 5 бал); 25% - ҚазҰУ түлектерінің орташа дайындық деңгейін белгіленді (3 пен 3,5 бал). Жұмыс берушілердің сауалнама қорытындысымен толығырақ Мансап орталығында таныса аласыз.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымын тағыда бір жеңіспен құттықтаймыз!

Мансап және бизнес орталығы

Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті

(QS агенттігінің мәліметі бойынша)