Қалқаман Жұмағұловқа «Ғұн мұрасын және Аттиланы зерттеуші-ғалым» құрметті атағы берілді

04.01.2012

Көрулер: 3156

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне Франциядан қуанышты хабар келді. 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні Аттиланың жеке тұлғасын зерттейтін Францияның Аймақтық Ғылыми Ассоциациясы және Ассоциация Президенті Сильвэн Дютуа мен Ла Шепп қаласының мэрі Марсель Бонэ мырзалар университет профессоры Қалқаман Жұмағұлов мырзаға «Ғұн мұрасын және Аттиланы зерттеуші-ғалым» құрметті атағын беріп, Ассоцацияның мүшелігіне қабылдау құрметін көрсетті.

Франциядан келген мүшелік сертификатында көрсетілгендей: әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік және Гуманитарлық Ғылымдар академигі бұндай құрметті атаққа ғұн тарихын және түрік әлемін зерттеуге қосқан өзіндік үлкен үлесінің арқасында ие болды. Ғалымның қаламынан 230-дан аса іргелі еңбектер шыққан, оның бірқатары шет тілінде жарық көрген.

Профессор Қалқаман Тұрсынұлы Жұмағұловтың ғылыми жетістіктерінің халықаралық деңгейде танылуымен құттықтаймыз!