Ұстаздарды ардақтауға міндеттіміз

02.10.2022

Көрулер: 1471

Құрметті университетіміздің оқытушы-профессорлары!

 

Cіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Білім және ғылым» атты конференцияда сөйлеген сөзінде:

«Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез», – деп ұлы Абай айтқандай, Ұстаз – әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет. Сіздердің арқаларыңызда тұтас бір буынның құндылықтары мен қасиеттері қалыптасады», – деген болатын.

Содықтан, біз «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген қағидаға берік сүйенеміз.

Ұстаз – ұлы есім.

Сіздер арқалаған жүк ауыр.

Даңқты жазушымыз Бауыржан Момышұлы: «Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген.

Шығармашылық, ғылыми ізденістеріңіз табысты болсын.

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, тілеймін. 

Ел алдында және шәкірттеріңіздің ортасында құрметке ие болып, мәртебелеріңіз арта берсін.

Жаңа Қазақстанды қалыптастыратын білімді ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектеріңіз жемісті болсын!

Мерекелеріңізбен, ардақты Ұстаздар!

 

 

Құрметпен,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Басқарма Төрағасы-Ректоры                        Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ