Әскери кафедра туралы не білеміз?

29.09.2022

Көрулер: 3029

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Әскери кафедрасының тарихы терең. Оқу ордасының іргетасы қаланған сонау 1934 жылдан бастау алады. Күні бүгінге дейін бұл кафедра еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етіп, нығайту үшін 40 мыңнан астам запастағы офицерлер даярлады.

Мұнда тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен 17 әскери мамандық бойынша запастағы офицерлер әзірленеді. Атап айтқанда: құрлықтағы әскердің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің офицерлері, мотоатқыштар әскерлері мен әскери барлау офицерлері, тәрбие құрылымдарының офицерлері, әскери психологтер, әскери журналистер мен идеологтер, байланыс әскерлерінің офицерлері, әскери метеорологтер, денешынықтыру және спортты ұйымдастыру офицерлері.

2015 жылдан бастап Әскери кафедрада ұлдармен бірге әскери мамандықтар бойынша байланыс бөлімшелерінің офицерлері, әскери психологтер мен әскери журналистер мамандығына студент қыздар білім алуда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әскери кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы ҚР Қарулы Күштері құрылған кезде қалыптасқан әскери-педагогикалық тәжірибесі мол офицерлерден тұрады. Жастарды ҚР Қарулы Күштерінде қызмет етуге дайындауда Отанға қызмет ету үшін отансүйгіштік, азаматтық және әскери қызметке дайын болу сияқты қасиеттерді қалыптастыруда Әскери кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен барлық қызметкерлерінің қосқан үлесін атап өту орынды.

Профессорлық-оқытушылық құрам болашақ запастағы офицерлерді дайындау барысында тәрбие жұмыстарымен бірге, Әскери кафедрада оқитын студенттерге ғана емес, сондай-ақ өзге де жоғары оқу орындарының студенттеріне, Алматы қаласы мектептерінің оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие беруге белсене атсалысады.

Осы мақсатта әскери-патриоттық жұмыс жүргізу орталығы құрылды. Оның аясында тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, генерал Сағадат Нұрмағамбетов пен Кеңес Одағының Батыры, майдангер-жазушы Бауыржан Момышұлы атындағы аудиториялар ашылды. Сонымен бірге Әскери кафедра мұражайы жұмыс істейді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әскери кафедрасының оқу-материалдық базасы қуатты. Оның құрамына жеке оқу корпусы, 40-тан астам мамандандырылған оқу кабинеттері, интерактивті лазерлік тир, әуе қорғанысы және мотоатқыштар әскерлерінің полигондары, жауынгерлік оқу-жаттығу техникасы кіреді. Мотоатқыштар әскерлері үшін жауынгерлік жаттығулар жасауға арналған интерактивті тренажерлар бар.

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы әскери дайындық мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша әрі ақылы негізде жүзеге асады.

Ал запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери дайындық ақылы негізде жүргізілетінін естеріңізге саламыз.

Студенттермен сабақ «әскери күн» әдісі бойынша жүргізіледі.

Әскери кафедрада оқуға студенттерді іріктеу:

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқуға бірінші (4 жыл оқу мерзімімен) және екінші курс (5 жыл оқу мерзімімен) студенттерінен құжаттар қабылданады.

Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқуға бірінші, екінші (оқу мерзімі 4 жыл) және бірінші, екінші, үшінші курс (оқу мерзімі 5 жыл) студенттерінен құжаттар қабылданады.

Әскери дайындық оқу-жаттығу жиынтығымен (кәсіби практика) ЖОКББ-ны бітіргенге дейін бір жыл бұрын аяқталады.

         Бірінші кезең – медициналық куәландырудан өту;

         Екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеуден өту;

         Үшінші кезең – дене дайындығын тексеру; 

Дене дайындығы бойынша нормативтер

 

Студент – бозбалалар

Студент – бойжеткендер

Жаттығулар

Балл

Жаттығулар

Балл

5

4

3

5

4

3

1.

100 м жүгіру (сек)

14,2

14,5

15,0

100 м жүгіру (сек)

16,0

16,5

17,0

2.

3000 м жүгіру (мин)

13,00

15,00

16,00

3000 м жүгіру (мин)

10,00

11,30

12,20

3.

Биік турникте тартылу

(саны)

12

10

8

Шалқалай жату арқылы қолды басқа қойып, денені көтеру

(саны)

25

20

15

Үш стандартты тапсыру көлемінде 8 балл жинай алмаған студенттер байқаудың бұл кезеңінен өтпеген болып саналады.

Төртінші кезең – ЖОКББ басшысы құрастырып, бекітетін рейтингтік балдың есебіне сәйкес өтетін конкурстық іріктеу.

         Байқаудың әр кезеңінен өтуге бір рет рұқсат беріледі.

         1 ақпаннан бастап құжаттар қабылданады.

         Әскери кафедра туралы ақпаратты INSTAGRAM: vk_kaznu. мекенжайынан алуға болады.

 

Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ