ҚазҰУ, G-Global – жасыл экономика үшін!

14.10.2021

Көрулер: 3419

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде G-Global халықаралық хатшылығының «Жасыл экономика коалициясымен» бірге «3.2.1. Старт» жобасының таныстырылымы өтті.

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде G-Global халықаралық хатшылығының «Жасыл экономика коалициясымен» бірге «3.2.1. Старт» жобасының таныстырылымы  өтті.  Жоба ағымдағы жылы жүзеге асырылатын жастар бастамаларын қолдауға бағытталған. Осы маусымның тақырыбы – БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша жаһандық мақсаттарына қол жеткізудің тиімді жолдарын іске асыру.Жоба қатысушылары жаһандық тұрақты даму мақсаттары – сапалы білім беру, таза су және тазалық, қолжетімді және таза энергия, отандық тұтыну мен өндіріс, климаттың өзгеруіне қарсы күресті іске асыруға көмектесетін идеялар мен шешімдерді ұсынуы тиіс.

Сонымен қатар оның шеңберінде 18-35 жас аралығындағы жастар үшін тұрақты даму мақсаттары, кәсіпкерлік негіздері, жобалық менеджмент, стратегиялық жоспарлау, қаржы, маркетинг, көшбасшылық және көпшілік алдында сөйлеу дағдылары және тағы басқа өзекті тақырыптарға көптеген іс-шаралар жоспарланған.  Олар жобаны іске асыру және жастарға күнделікті өмір мен тұлғалық дамуда аса қажетті дағдыларды дамытуға бағытталған. Ал шараларда салалық сарапшылар, жас кәсіпкерлер және белгілі қоғам қайраткерлері тренер болады. Таныстырылым барысында конкурсқа қатысу шарттары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Оның қорытындысы бойынша үздік жоба авторлары өз идеяларын іске асыру үшін құны 5 000 000 теңгеден бастап гранттар алады. Жоба жастар арасында үлкен қызығушылық тудырып, студенттер көптеген сұрақтар қойды. Конкурсқа қатысудың толық шарттарымен тілек білдірушілер www.321start.kz.

Сайты арқылы таныса алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба ССI корпорациясы қолдауымен жүзеге асырылады.Университет студенттерінің презентациясымен танысу үшін Астанадан  «Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясының» бас менеджері Асыл Оқапова мен менеджері Ерсұлтан Мансұр, коммуникациялар жөніндегі жетекші-менеджер Қанат Ноғойбаев, корпоративтік қатынастар жөніндегі маман Балжан Байзақова келсе, ҚазҰУ тарапынан универсиет жанындағы G-Global орталығының директоры, з.ғ. д., профессор Кәрімжан Шәкіров  пен декан орынбасары Думан Жекенов басшылығымен халықаралық қатынастар факультетінің студенттері белсенді қатысты.