Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

15.07.2011

Көрулер: 2091

ҚазҰУ көпсалалы жоғары оқу орындары арасында биыл да бірінші орыннан көрінді

АЛМАТЫ. 16 шілде. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бiлiм берудегі сапамен қамтамасыз ету қазақстандық тәуелсіз агенттігі ең үздік жоғары оқу орындарының тізімін жариялады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «көпсалалы жоғары оқу орны» тізімінде бірінші орында тұр.

Агенттіктің ғылыми жетекшісі Шолпан Қаланова, бұл рейтингтің академиялық көрсеткіштерге, мамандар мен жұмыс берушілерге жүргізілген сауалнама негізінде жасалғандығын айтады. «Осы жылы өз жетістіктерін көрсеткен ЖОО-дар саны едәуiр кеңейді. Егер 2010 жылы тек 67 ЖОО өз мәлiметтерiн дайындаса, бiз өзге мәлiметтi ҚР БжҒМ алдық, ал биыл 84 ЖОО мәлімет ұсынды, сондай-ақ агенттік өз зерттеуімен 134 азаматтық ЖОО қамтыды,- дейді агенттік жетекшісі.

Рейтингтiң нәтижелерi құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, рейтинг бойынша мамандар, білім және ғылым министрлігі, қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар кеңесте қаралып, бекітілді. Тізімде 62 ЖОО көрсетілген.

Аталған университеттің бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаевтің пікірінше, рейтинг - бұл университеттердің басқаруы мен мүмкіндіктерін, бәсекеге қабілеттілік жағдайын өлшейтін мықты құрал.

Университеттің рейтингке қатысуы да маңызды. Оған басшылық тарапынан да көп көңіл бөлінуде екен. Осы орайда, ҚазҰУ-да 7-8 шілде аралығында «Қазақстандық жоғары оқу орындарының интернационализациялануы және университеттердің халықаралық рейтингі» атты Халықаралық семинары өткен. Бұл шараға білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов, профессор Ян Садлак, QS зерттеу орталығының басшысы - Бен Соутер, Британдық кеңес, Қазақстандағы Темпус ұлттық кеңсесінің өкілдері және 25 жоғары оқу орынының өкілдері қатысқан.