ҚазҰУ-дың оқытушылары мен студенттері Қытай Компартиясының делагаттарымен кездесті

13.07.2011

Көрулер: 2575

13 шiлде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi оқытушылары және студенттерінің Қытай коммунистiк партиясының (ҚКП) делегациясымен кездесуi өттi. Келген делегаттар құрамында Қытай коммунистiк партиясы Орталық Комитеті (ОК) партиялық жұмыс зерттеу канцелариясының бас хатшысы Чжан Шуцзюнь, Пекин университетінің профессоры Пай Вэй және халықаралық байланыс бөлімінің маманы қатысты.

Бiрiншi проректор Мұқамбетқали Бүркiтбаев ҚКП-ны негiзі қаланғанына 90-жыл толуымен құттықтады. Сонымен бiрге, университеттің зерттеу университетіне айналу барысында екендігін айтып, Қытайдағы да біраз университеттер осылай трансформацияланғанын хабарлады. Сонымен бiрге М.Бүркiтбаев шығыстану факультетінде қытайтану кафедрасы барын және Конфуций орталығының жұмыс iстейтiндігіне тоқтала кетті. «Қытайға жастардың қызығушылығы күннен-күнге артып келеді және ҚХР ЖОО-мен алдағы уақытта байланыстарымыз арта түсетініне күмәнім жоқ», - деді бірінші проректор. Пекин университеті профессоры Пан Веэның айтуы бойынша, Қытайда бүгінде 1 млн. 300 мың қазақ тұрады. «Сіздердіі университеттеріңізді көбі біледі, себебі әл-Фараби аты танымал. Мен біз бен сіздің оқытушыларымыз бен студенттеріміз сол әл-Фарабидей ғұлама ғалымдай мықты білімді болсын деймін», - дейді өз сөзінде.

Лекция соңында студенттер өздерін қызықтырған сауалдарын келген делегаттарға қойып, толық жауап алды. Бiрiншi проректор маңызды дәрiс үшін қонақтарға алғыс айтып, партияның мерейтойымен құттықтап, университеттiң символы бар естелік сувенирлерiн тапсырды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі