ҚазҰУ мен “Парасат” ұлттық ғылыми-техникалық холдингі” және физико-техникалық институт арасында ғылым саласындағы әріптестікті нығайту келісім-шартына қол қойылды

02.07.2011

Көрулер: 2783

2 шілде күні ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов АҚ “Парасат” ұлттық ғылыми-техникалық холдингі” және физико-техникалық институт өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында алдағы уақытта біріге жұмыс істеу бағыттары талқыланып, ғылым мен жоғарғы білім саласындағы әріптестікті нығайту келісім-шартына қол қойылды.

Келiсiм-шарттың мақсаты бiрлескен ғылыми зерттеулер және өңдеулердi өткiзу, ғылыми-техникалық өнiмді iске асыру, ғылыми-өндiрiстер, бiлiм беретiн ғылыми-педагогикалық, инженерлiк-техникалық кадрларды әзiрлеу және кәсіби деңгейін жоғарылату болып табылады.

ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың пікірінше, мұндай келiсiм энергия және ғарыштық сәулелердiң энергиясының қайнар көздерiн, материалтану, ғылым және нанотехнология, криогендi технологиялар, физиканың басым бағыттар бойынша қызметті iске қосуға мүмкiндiк бередi. «Бұл университеттiк факультеттер бойынша құрылатын кластерлердiң мамандандырылған ғылыми зерттеулерi жасауға мүмкiндiк туғызады,- деп атап өтті ректор.

Осы келiсiм бiрлескен қызмет шеңберiнде инновациялық инфрақұрылым жасауға позитивтi ықпал етіп, өндiрiстiк салаға инновациялық жобалар және технологияларды тиiмдi енгiзумен қамтамасыз етуге мүмкiндiк береді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі