МАРКЕТИНГ БЮДЖЕТІ БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ

26.03.2021

Көрулер: 3677

Белгілі қазақстандық бизнес-тренер Виолета Красавская әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Бизнес-технологиялар» кафедрасының «маркетинг» мамандығы студенттерімен «Маркетингке бюджетті қалай есептеу керек?» деген мастер-класс өткізді.

Қазақстанның жарнама мамандары қауымдастығы маркетинг департаментінің және «Armat» зергелік компанияның маркетинг бойынша директоры, маркетинг сарапшы, маркетинг және жарнама бойынша кеңесші Виолета Красавкая мастер-класс барысында компанияның маркетингтік бюджетін жоспарлау, әзірлеу қалыптастырудың қыр-сырын, тетіктерін университет студенттеріне егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Мастер-класста тыңдаушылар жарнамалық инвестицияны неден бастау керек екенін, сондай-ақ кәсіпорынның маркетингтік шығындарының мөлшерін есептеудің ең үйлесімді әдістерін қолдануды үйренді. Сарапшы маркетингтік бюджетті есептеудің және бөлудің үш маңызды ережесін келтірді, бұл ережелер кәсіпорында маркетинг бюджетін жоспарлау үдерісіне көмегін тигізеді.

Мастер-класс студенттер мен магистранттар үшін алдағы уақытта жұмыстарында пайдаланатын үлкен тәжірибелік сабақ болды. Олар тақырыпты белсене талқылап, өздерін қызықтыратын көптеген сұрақтарға пайдалы, тұшымды жауап алды.