«Қазақстандағы шынайы маркетинг»

26.03.2021

Көрулер: 3961

ҚазҰУ-дың «Бизнес-технологиялар» кафедрасының «Маркетинг» мамандығының студенттері мен магистранттарына арналған «Қазақстандағы шынайы маркетинг» атты шеберлік сағаты өтті.

Шеберлік сыныбын арнайы шақырылған OLX Казахстан компаниясының маркетинг және бизнес-жобалар бойынша директоры Станислав Дубинчик жүргізді.  

Шеберлік сағаты шеңберінде тыңдаушылар тәжірибелік мысалдарда OLX Казахстан компаниясында маркетингтік заманауи әдістерін пайдалануды, маркетингтік индустрияның өзекті даму барысы туралы білді. OLX Казахстан компаниясының өкілі Станислав Дубинчик маркетинг саласындағы өзінің кәсіби тәжірибесі туралы айтып, жас мамандар аталған  салада маңсаптық мүмкіндіктерге қатысты сұрақтарына жауап алды. Оның  пікірінше, маркетологтың табысты жұмысының негізгі кепілі - талдауға, сандармен жұмыс істеуге қабілетті болумен қатар, бұл сала мамандары өз тұтынушалырын зерттеп, аудиториямен байланыс орнатып, оның қажеттіліктерін жақсы білуі тиіс деді.

www.kaznu.kz