Құрметті әріптестер!

01.03.2021

Көрулер: 1692

Сіздерді 1-Наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

«Алты алаштың игі-жақсысы бас қосса, төрдегі орын ұстаздыкі» деп ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, ұрпақ тәрбиесінде оқытушы-тәлімгерлердің атқарар рөлі ерекше.

Әсіресе, пандемияға қарсы күресте қашықтықтан білім беру жүйесіне ерекше назар аударылып, барлық мұғалімдерге маңызды міндеттер жүктелді.

Осынау сындарлы сәтте өз кәсіптеріңізге адалдық танытып, жаңа жұмыс тәсілінде табандылық көрсеткендеріңіз үшін Сіздерге айрықша алғыс айтамын!

Университет қабырғасына оралар күнді асыға күтіп жүрген білім алушыларға да төзімділіктері мен оқуға деген құштарлықтары үшін арнайы ризашылығымды және дұғай сәлемімді жеткізгім келеді.

Барлығымыз сын-қатерден сүрінбей өтіп, көп ұзамай қалыпты жағдайға – толыққанды оқу үдерісіне оралып, университетімізді бірге түлетеміз деген үміттемін.

Айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, мол табыс, бақ-береке тілеймін!

Еліміздің ынтымақ-бірлігі арта берсін!

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасы – ректор Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ