Олимпиада

21.03.2011

Көрулер: 1822

Мұндай олимпиада дәстүрлі түрде Орал қаласында жыл сайын өткізіледі. 2005 жылдың 5 қарашасында Батыс Қазақстан облысының Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінің химия және химиялық технология кафедрасында профессор Мендалиева Дина Кенжебекқызының басшылығымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия факультетінің филиалы ашылған. 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап М.Б.Ихсанов атындағы № 36 орта мектепте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2005 жылғы түлегі Ермағамбетов Русланның басшылығымен химиктердің сырттай оқу мектебі жұмыс жасайды.