«Теңізшевройл» ЖШС өкілдері ҚазҰУ-ға келді

25.03.2011

Көрулер: 2624

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия факультетінде «Экология» және «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандықтары бойынша білім алатын магистранттар мен студенттер “Парыз” сыйлығының алтын лауреаты – «Теңізшевройл» ЖШС департамент директорлырмен кездесті.

Бұл қазақстандық кәсіпорын геологиялық барлау, кен орнын игеру, мұнай мен ілеспе өнімдерді өндіру жəне оларды сату жұмыстарымен айналысады.

Кездесу барысында компания өкілдері өз жұмыстарымен таныстырып, сол аймақтағы экологиялық мәселелерді талқыға салды. Сондай-ақ, кәсіпорын мамандары түлектерді жұмысқа қабылдау жөніндегі туындаған сұрақтарға жауап берді.

Магистранттар мен студенттер сынақ-тест тапсырып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қарастырды. «Теңізшевройл» ЖШС өкілдері қазіргі таңдағы түлектерге қойылатын талаптармен бөлісіп, әрқашан білікті де білгір маман болуды айтты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі