ҚазҰУ-дың туризм кафедрасында Abacus электронды брондау жүйесіндегі компьютерлік класс ашылды

17.03.2011

Көрулер: 3305

ҚазҰУ-да география факультетінде Global Distribution System (GDS) Abacus электронды брондау жүйесіндегі компьютерлік класы ашылды.

Бұл класс университет базасында электронды брондау жүйесін оқытудың Қазақстандағы ең бірінші және жалғыз мамандырылған класы болып табылады. Жоба Abacus Central Asia Ltd және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында келісім шарт негізінде іске асып отыр, яғни біріккен қызмет арқасында мамандырылған туристік кадрларды дайындау мен қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстарын қарастырады.

Abacus компаниясы оқыту бағдарламасымен бірге, Internet жүйесі арқылы дәл сол уақытта брондау процесін толығымен үлгілейтін, құрал-жабдығы түгел, лицензионды бағдарламамен қамтамасыз етілген мультимедиялы класты тапсырды. Осы орайда, туризм кафедрасының сегіз оқытушысы (GDS) Abacus жүйесін оқып, сертификат алды. Abacus өкілдерімен бірге оқу бағдарламаларын ескеріп, оқу процесінде қазақ және орыс тілінде білім алатын топтарға қолданылатын әдістемелік материалдар әзірленген. Бүгінгі күні (GDS) Abacus жүйесін оқыту «Туризмдегі ақпараттық қамтамасыздандыру» курсының бағдарламасына енгізілген, алайда келесі жылдан бастап Abacus компаниясымен қоса бағдарламалы және әдістемелік қамтамасыз етудің негізінде бөлек мамандырылған курстың енгізілуі мен алдағы уақытта басқа университеттер, туристік фирмалар мен ұйымдардан мамандарды оқыту, туризм және қонақжайлық мамандарын қайта дайындау, квалификацияны көтеру жоспарлануда.

Қазіргі информациялық технологиялардың базасында оқытудың инновациялық жүйелерін енгізу негізінде ҚазҰУ студенттері өз алдына еңбек нарығында бәсекелестігін арттырып, арнайы білім алып, мамандану мүмкіндігіне ие болады.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың туризм кафедрасы 2010 жылы республикалық рейтинг көрсеткішінде маман даярлауда бірінші орын алған.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі