Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана

15.03.2011

Көрулер: 1945

Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана (РЖЭК) сайтында: http://lib.kazrena.kz/, http://www.rmeb.kz.
Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана (РЖЭК) – бұл бакалавриат, магистратура және докторанттарға жаңаша ақпараттық білім ресурстарын беруші оқытушы ұстаздар құрамын (ОҰҚ) қамтамасыз етуде пайдаланатын Қазақстан жоғары оқу орындарының (ЖОО) электронды ресурстарын біріктіруші бірден-бір мәліметтер қоры. Меморандумға ҚР ҒБМ, ЖОО Ассоциациясы, ҚазРЕНА Ассоциациясы мен Қазақстан ЖОО қол қойған. Электронды кітапхананың мақсаты – оқытушы-ұстаздар құрамының, студенттердің, магистранттар мен докторанттардың оқу кезінде интерактивті мультимедиялық қорға (ресурсқа) еркін енуін қамтамасыз ету, сонымен бірге еліміздің ЖОО-да электронды білім беру ресурстарын бірыңғай ақпараттық жүйеге біріктіру керек.

РЖЭК жұмысы бойынша нұсқаулық