ҚазҰУ-да «Постдок-2020» байқауы аяқталды

16.09.2020

Көрулер: 3708

Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті үшінші рет постдок позицияларын иеленуге байқау өткізді. әл-Фараби ҚазҰУ-і өз қаражаты есебінен постдокторантура бағдарламасын іске қосқан Қазақстандағы алғашқы университет.

Постдокторантура бағдарламасы ғылыми дәреже алған жас мамандарға өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға, дербес ғылыми зерттеулер жүргізуге, оларды әлемнің жоғары рейтингілі ғылыми басылымдарында жариялау түрінде өзектендіруге мүмкіндік береді.

ҚазҰУ-дың постдокторантура бағдарламасы жас ғалымдарды қолдау жөніндегі мемлекеттік деңгейдегі теңдессіз жоба. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев ҰҚСК- нің үшінші отырысында постдокторантура үшін Арнайы мемлекеттік тапсырыс беру қажеттігі туралы айтқан болатын.

Биылғы жылы әлемнің түкпір-түкпірінен 40-тан астам жас зерттеушілер байқауға қатысуға өтінім берді. Іріктеу критерийлері ғылымиметрикалық көрсеткіштер (Хирш индексі, үздік журналдардағы жарияланымдар) және ғылыми зерттеулерді жүргізудегі дербестік дәрежесі болды.

Ректорат қаулысы негізінде, Сараптау комиссиясы жұмысының нәтижесі бойынша «Постдок-2020» байқауының жеңімпаздары белгіленді. Олар: Ақпараттық технологиялар факультеті: Омирбекова Жанар Жұмаханқызы, Омаров Батырхан Султанович; Медицина және денсаулық сақтау факультеті: Biswas Animesh, Адамбеков Шалкар Кадирьевич;   Химия және химиялық технология факультеті: Тауанов Жандос, Байменов Альжан Жулдасович; Физика-техникалық факультеті: Шинбаева Айнура Кадыржановна, Аймуратов Ерлан Кайратович, Шаленов Ерик Онгарович, Хохлов Серик Анатольевич; Механика-математикалық факультеті: Беляев Ержан; Биология және биотехнология факультеті:Салмұрзаұлы Руслан; Заң факультеті :Ергали Адлет Маратұлы.