Бағдарлау апталығы

08.09.2020

Көрулер: 3967

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа оқу жылы дәстүрлі түрде бағдарлау апталығынан басталды. Апталық барысында 100-ден астам онлайн кездесулер мен семинарлар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша да шаралар ұйымдастыралып өткізілді.

Онлайн шараларға ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, проректорлар, департамент директорлары, 16 факультет декандары, 68 кафедра меңгерушілері, 245 куратор-эдвайзерлер, бірінші курс студенттері және «Sanaly Urpaq» клубының 3 мыңға жуық мүшесі қатысты.

Студенттер университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт, академиялық адалдық және студенттердің Ар-намыс кодексі, ішкі тәртіп ережелері және «Sanaly Urpaq» клубының жұмысымен танысты, сондай-ақ олар үшін виртуалды кампус-тур ұйымдастырылды.

Онлайн-семинарлар барысында оқытушылар мен куратор-эдвайзерлер білім беру қызметін жақсарту, қашықтықтан жұмыс істеу тәжірибесі бойынша пікір алмасты. Олар, сонымен бірге, университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармасының жаңашылдықтарымен, ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы ортаны қалыптастыруға және жосықсыз тәжірибенің кез келген көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи технологияларды енгізуге бағытталған «Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет» жобасының іске асырылуымен танысты. Семинар қатысушыларына парасаттылық туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, тәжірибелік және әдістемелік ұсынымдар мен қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

www.kaznu.kz