Су-өмір көзі!

13.12.2019

Көрулер: 5796

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасында «Тәжікстан Президентінің жаһандық мәселелерді шешудегі рөлі: Су-өмір көзі» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференция өтті. Шара барысында су қауіпсіздігінің өзекті мәселелері талқыланды.

Қазіргі ауыз су тапшылығыаса өткір. Әлемде 1,2 млрд. адам таза ауыз суға зәру болса, 2,4 млрды тиісті тазалық нормаларына қол жеткізе алмауда. Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон 2007 жылы өткен бірінші Азия-Тынық мұхиты су саммитінде атап өткендей: «әлемдік даму үрдістері судың құны мұнай, газ, көмір және әр ел мен өңірдің тұрақты болашағы үшін қажетті басқа да ресурстардың құнынан асып түсуі мүмкін».

Бүгінде Орталық Азия өңіріндегі су ресурстарының маңыздылығын ескере отырып, конференция су проблемасының жаһандық және өңірлік аспектілерін, сондай-ақ Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның оны шешудегі рөлін талқылауға арналған.

Конференцияны Тәжікстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы, Тәжікстан Республикасының үкіметі жанындағы жастар ісі және спорт комитеті, ҚазҰУ-дың философия және саясаттану және география және табиғатты пайдалану факультеттері ұйымдастырды.

Сарапшылардың пікірінше су ресурстарына байланысты мәселелерді зерттеу мен шешуге Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон үлкен үлес қосуда. Оның бастамасымен 2000-2016 жылдар аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясы су мәселелері бойынша жеті қарар қабылдады. Осы кезең ішінде Тәжікстан бірнеше рет су мәселелерін талқылау үшін жаһандық деңгейдегі алаңға айналды. Тәжікстан Республикасының Президенті су секторындағы барлық халықаралық бастамалардың негізін қалаушы болып табылады.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Қазақстан Парламенті депутаттары да су ресурстарын сақтау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу, осы саладағы заң бұзушылықтар үшін нақты жауапкершілікті белгілеу қажеттігі туралы бірнеше рет айтқан болатын. Статистика бойынша бүгінде 68 мемлекет су күйзелісін бастан кешуде, оның ішінде Қазақстан да бар.

Конференцияға қатысушылары алдында оқыған баяндамасында ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы Виталий Сальников су ресурстарына байланысты мәселелерді қозғады. «Адам кем дегенде екі литр су ішуі керек және оның сапасына халықаралық қоғамдастық деңгейінде ерекше көңіл бөлуі керектігі анық. Мәселен, Тәжікстан Республикасының бастамалары өте маңызды және өзекті. Атмосфера мен климаттың жаһандық өзгеруі де сумен байланысты. Ал мұздықтарды қоса алғанда 50 жылдан кейін біз суға тәуелді боласыз ба, деген сауалдар да көкейде тұр. Су –бізді жаһандық мағынада біріктіретін нәрсе».

Бүгінгі күні республикада сумен қамтамасыз етудің төмендеуі байқалады. Болашақта 2030 жылға қарай су көлемі 80-нен 72 текше метрге дейін азайды деп болжамдануда.

 

Конференция жұмысына сарапшы-ғалымдар, танымал қазақстандық және шетелдік қоғамдық-саяси қайраткерлер, дипломатиялық қызмет өкілдері қатысты. Пленарлық отырыстарда су қауіпсіздігінің қазіргі проблемаларын шешуден бастап өңірлік ынтымақтастық пен дипломатия қатысты мәселелер қозғалды.

www.kaznu.kz