Американистика бойынша жазғы мектеп

21.06.2019

Көрулер: 3095

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің ұйымдастыруымен Алматыда «Қазақстандағы және Орталық Азиядағы американистика контекстіндегі АҚШ-тың рөлі» атты жазғы мектеп өтуде. Шараға Американдық және демократиялық зерттеулердің ресурстық орталығы және американдықтардың Студенттік ассоциациясымен бірге ҚР АҚШ Елшілігі қолдау көрсетуде.

Жазғы мектептің мақсаты АҚШ-тың сыртқы және ішкі саясаты бойынша бірегей оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ американистика саласында ғылыми мақалалар мен ұсыныстар дайындау болып табылады.

Мектептің ашылу салтанатына ҚР АҚШ Елшілігінің мәдениет департаментінің өкілі Ланс Эриксон, Дэвидсон колледжінің профессоры Брэнд Флаганен, ХҚ факультетінің деканының орынбасары Думан Жекенов, бағдарламаның үйлестірушілері, профессорлар: Фатима Көкеева және Құралай Байзақова қатысты.

Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан университеттерінен американистика саласында зерттеулермен айналысатын магистранттар, докторанттар және жас оқытушылар жазғы мектептің негізгі тыңдаушылары болды.

Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды халықаралық қатынастар, әлемдік экономика және қазақстандық жоғары оқу орындарының тарихы, ғылыми институттар мен орталықтардан келген белгілі профессорлар мен сарапшылар және жас зерттеушілер жүргізді.

Негізгі дәріскер ретінде профессор Брэнда Флагенен АҚШ-тың мәдениет саласындағы танымал маманы шақырылды, ол мектеп қатысушыларын АҚШ университеттерінде американистиканы оқыту мен оқытудың жаңа бағыттарын таныстырды.

Жобаның үйлестірушісі - тарих ғылымдарының докторы, ҚазҰУ жанындағы американдық және демократиялық зерттеулер ресурстық орталығының директоры Фатима Көкеева. Жазғы мектептің форматы ұйымдастырушылармен кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл мектеп жас буын өкілдерінің күш-жігері мен зияткерлік әлеуетін біріктіре отырып, қосымша білім беру формасы оларға ғылыми қызметтің озық тәжірибесімен танысуға мүмкіндік бере отырып, зерттеу қызметін жандандыруға және білім деңгейін арттыруға ықпал етеді.

www.kaznu.kz