Ұлттық және мемлекеттік бірегейліктің тұп қазығы

27.10.2010

Көрулер: 2850

26 қазанда ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен профессор Б. Құдайбергеновтың 65 жылдығына және дінтанулық білім берудің 10 жылдығына арналған «Жаңа діни ағымдар, қазіргі Қазақстанның ұлттық және мемлекеттік бірегейлігін сақтау мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Шараның негізгі мақсаты қазіргі Қазақстан қоғамының рухани әлеуметтік дамуындағы жаңа діни ағымдардың рөлін, олардың ұлттық және мемлекеттік бірегейлікке ықпал ету деңгейін анықтау болып табылады.

Сонымен бірге халықаралық жиында «Қазақстандағы жаңа діни қозғалыстар: мәні мен мәселелері», «Жаңа діни ағымдардың таралуының әлеуметтік-саяси және этнопсихологиялық факторлары», «Жаңа діни ағымдар және олардың ұлттық және мемлекеттік бірегейлігін сақтау мәселелері» тақырыптарында баяндамалар оқылып, аталмыш тақырыптар жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, дінтану ғылымына үлес қосқан ғалым Б.Қ.Құдайбергеновтың өмірбаяны мен оның атқарған ерен еңбектері жайында баяндалып, еліміздегі дінтану ғылымымен айналысатын мамандардың біліктілігін арттыру мәселесі де назарға алынды. Осы орайда философия және саясаттану факультетіндегі ғылым философиясы және дінтану кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Нағима Байтенова: «Еліміздегі жаңа діни ағымдардың қалыптасуы мен даму жолдарын, ілімдік және ғұрыптық ерекшеліктерін талдау арқылы, олардың қоғамдық санаға, ұлттық және мемлекеттік бірегейлікке ықпал-әсерлерін айқындау қажет»,- дейді.

Конференцияға шетелдік дінтанушылар мен философия және саясаттану институтының өкілдері қатысты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі